Оқиға

Павлодар облысында мұғалім жарыс кезінде қайтыс болды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуСвеча и гвоздики в руках, архивное фото
Свеча и гвоздики в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тарих пәнінің мұғалімі Ильдар Вахитов 25 жаста болған. Ол спортпен айналысып, волейбол командасына жетекшілік еткен

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Қайғылы оқиға дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін волейбол жарысы кезінде болды.

Педагог жұмыс істеген мектептің директоры: "Ильдар Вахитов өзін жайсыз сезінгеннен кейін оны ауруханаға жеткізбек болдық", - дейді. Бірақ ұстаз медициналық мекемеге жетпей, жолда көз жұмған.

"25 жастағы Ильдар ойынға қатысты, бірақ біраз уақыттан кейін өзін жайсыз сезінді. Оның қан қысымы көтеріліп кеткендіктен қосалқы ойыншылар қатарына қосылды", - деді pavlodarnews.kz сайтына Жамбыл ауылы мектебінің директоры Қанат Сұлтанғазин.

Оқу орны басшысының айтуынша, турнирде кезекшілік еткен дәрігерлер мұғалімге алғашқы көмек көрсеткен. Дегенмен оның халі күрт нашарлай бастаған. Ауылдан орталық аудандық ауруханаға дейін – 100 километр. Өкінішке қарай, Ильдар медициналық мекемеге жете алмай қалған.

© Photo : Pavlodarnews.kzМұғалім Ильдар Вахитов
Павлодар облысында мұғалім жарыс кезінде қайтыс болды - Sputnik Қазақстан
Мұғалім Ильдар Вахитов

Жарыс Павлодар облысы Аққулы ауданы Майқарағай ауылында өткен.

Өңірлік басылым хабарлауынша, Ильдар Вахитовтың артында жұбайы мен бір жасар ұлы қалды. Биыл 10 қарашада ол 26 жасқа толар еді.

Ұстаз Жамбыл ауылдық орта мектебінде еңбек еткен.

Жаңалықтар
0