кішкентай қыз

Полиция зорланған баланың жеке мәліметін таратып жіберді: министрлік түсініктеме берді

350
Кішкентай қызды анасымен бірге тұрған ер адам зорлап, қашып кеткен. Артынан оның өлі денесі табылды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев ШҚО-да зорланған 7 жасар қыздың жеке мәліметтерінің жариялануына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Тергеу кезінде осы қылмыстың себеп-салдары анықталады. Содан кейін тиісті шешім қабылданады. Ал жеке мәліметтерді жариялауға қатысты полицейлердің кінәсі дәлелденсе, олар да жауапқа тартылады", - деді Қожаев журналистерге берген сұхабатында.

Айта кетейік, бұған дейін құқық қорғаушы Дина Смайылова Шығыс Қазақстан облысында болған оқиға жайында баяндаған болатын. 28 қазанда Шемонаиха қаласында 7 жасар қызды зорлап кетті.

"Полиция бағыттаманы таратты. Ол әлеуметтік желілерге де шығып кеткен. Онда арыз жазған адамның аты-жөнін және тұрғылықты жерін ашық көрсеткен", - деп жазды ол.

Келесі күні таратылған ақпаратқа сәйкес, кішкентай қызды анасымен бірге тұрған ер адам зорлаған. Ол қылмыс жасағанда мас болды. Артынан оның өлі денесі табылды. Ер адам өз-өзіне қол салды деген болжам бар.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы қонақүйлердің бірінде ер адам туған қызын өлтірді

350
Кілт сөздер:
полиция
Тақырып бойынша
Қаратауда қызды зорлап, өртеген қаскөйдің тағы бір айуандығы әшкереленді
100 мың теңге ұсынды: Павлодарда екі баланың әкесі дәрігерді зорлап тастады
Науқастың мекенжайын сұраған емхана дәрігерін кеше кешке зорлап кетті
Өлтіремін деп қорқытқан: Қаскелеңде бақсыдан келе жатқан әйелді зорлап, тонап кетті
Павлодарлық ер адам 15 жастағы қызын қала шетіне апарып зорлап тастады
Өрт сөндірушілер

Нұр-Сұлтанда көп қабатты тұрғын үй отқа оранды видео

69
Өрт салдарынан тұрғын үйдің кіре берісі қатты түтіндеп, адамдар эвакуацияланған. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Елорданың сол жағалауындағы тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек (@astana_sergek_kz)

Куәгерлер өрт сөндіру қызметінің өкілдері тұрғын үй кешенінің аумағына бірден жете алмағанын айтады.

"Сыртқы есік домофонмен жабдықталғандықтан, өрт сөндірушілер бірден  кіре алмады. Сондай-ақ, олардың техникалары да ауладағы шлагбаум мен бағандар кесірінен діттеген жерге дер кезінде жете алмады", – дейді оқиға куәгерлері.

Ал төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 15-қабаттағы төрт бөлмелі пәтерде өрт шығып, екі бөлме отқа оранған.

"Бүгін сағат 14:24-те Сығанақ көшесіндегі 18/2 мекен-жайда өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнында 22 адам мен 5 автокөлік жұмыс істеді. Тұрғын үйдің кіре берісі қатты түтіндеп, адамдар эвакуацияланды", – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Өскеменде шұғыл қонуға мәжбүр болған ұшақ отқа оранды – видео

Қазіргі кезде өрт толығымен сөндірілді.

69
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, өрт
Тақырып бойынша
Қазақстанда бір күнде 12 орман мен дала отқа оранды
Рудный қаласындағы автопаркте он автобус отқа оранды
Алматыдағы Көктөбе отқа оранды - фото
Кореяда отыз үш қабатты ғимарат отқа оранды - видео
Павлодарда түн ішінде төрт қабатты сауда үйі отқа оранды
Бетін бүркеп тұрған әйел

13 рет жауапкершілікке тартылған жүкті әйел тағы 6 іс бойынша күдікке ілінді

461
(Жаңартылды 16:05 24.10.2020)
Полицейлер күдікті әйелдің кәмелетке толмаған баласы барын және жүктіліктің алтыншы айында екенін ескеріп, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат берген

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Еңбекшіқазақ ауданында 26 жастағы Талғар қаласының тұрғыны ұсталып, алаяқтық әрекеті үшін күдікке ілінді, деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.

Бір қызығы, ол бұған дейін де бірнеше рет полицияға жеткізіліп, 13 рет жауапкершілікке тартылған. Соған қарамай, оған бас бостандығын шектеумен байланысты сот үкімі екі-ақ рет қолданылған екен.

"Ұсталған азаматқа алты алаяқтық фактісі бойынша айып тағылып отыр. Бұл әрекеттер Есік қаласы мен жақын маңдағы ауыл дүкендерінде жасалған. Сатушыларға ол өзін дүкен иесінің туысымын деп таныстырып, түрлі маркалы темекілерді қорабымен алып кетіп отырған", – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде аталған деректер негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осыншама мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Оқи отырыңыз: Қызылордада "таксистерді" ерекше әдіспен алдаған алаяқ қоғамдық резонанс туғызды

Айта кетейік, полицейлер тарапынан күдікті әйелдің кәмелетке толмаған баласы бары және жүктіліктің алтыншы айында екені ескеріліп, оған тергеу кезінде ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде алдын-алу шарасы қолданылған.

461
Кілт сөздер:
алаяқтық, күдікті
Тақырып бойынша
Алаяқ жігіт он тоғыз қыздың басын айналдырып, мұзға отырғызып кетті
Өскемендік алаяқ жиһаз жасап беремін деп 16 адамды алдап кетті
Қарағанды облысында алаяқ басшы ұсталды
"Өлесің деп қорқытқан": Қостанайда желі арқылы баланы бопсалаған алаяқ ұсталды
Сотталған алаяқ түрмеде отырып-ақ 500 адамды арбауына түсірген
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты

"Дүрліктіруге ниетті": министрлік атышулы фильмге қатысты түсініктеме берді

130
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде ел азаматтары ашық нәсілшіл шабуылдарға наразы екені айтылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Фильм авторлары арандату жолымен Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін мазақ етіп, дүрліктіруге ниетті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

"Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа ұшыруда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 23 қазанда бір топ жас АҚШ Бас консулдығына жиналып, "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы шықты. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петициясын ұсынды.
Ұйымдастырушылар бұл петиция арқылы қоғамда теріс реакция тудырған фильмнің көрсетілуіне тыйым салуды сұрайды, олардың пікірінше, ол бүкіл мемлекеттің беделін түсіреді.

Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова британдық актер және режиссер Саша Барон Коэннің атышулы "Борат-2" фильмі туралы пікір білдірген еді. 

Министрдің айтуынша, сенсациялық фильмнің Қазақстанда пайда болуы фактісін елемеуге болмайды. 

"Борат" тарихы

"Журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар жұмсап, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тапты. Тіпті, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильм түсірушілерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімнің сюжеті бойынша, ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Бораттың тағы да АҚШ-қа жолы түседі. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейтін болады.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді

Жаңа трейлер шыққаннан кейін көптеген қазақстандық фильмді теріс бағалады. Осыдан кейін әлеуметтік желіде "Бораттың" жалғасының шығуына қарсы флешмоб ұйымдастырылды. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылар қосылды, олар #СancelBorat хэштегімен фильмге қарсы шығып жатыр.

130
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Борат