Баскетбол добы

Жаттығу кезіндегі оқушы өлімі: Алматыдағы оқиғаның мән-жайы анықталды

661
(Жаңартылды 11:50 08.11.2019)
Он бес жастағы жасөспірім жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Сол күні ол денсаулығына шағымданбаған және барлық сабаққа қатысқан екен

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Қайғылы оқиға Қазақ спорт және туризм академиясында баскетболдан жаттығу кезінде болған. Он бес жастағы бала спорттық жаттығу барысында есінен танып қалған. Бапкер көмектесуге тырысқанымен оқушы сол жерде тіл тартпай кетіпті.

Қазақ спорт және туризм академиясының хабарлауынша, жасөспірім оқу орнында бір жарым ай жаттыққан. Қазір педагог жұмысынан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тағы оқыңыз: "Көз алдында өлді": Алматыдағы трагедияның қалай болғанын қала тұрғыны айтып берді

Білім беру мекемесінің бірінші проректоры Мұхтар Есқалиевтің айтуынша, жаттықтырушы тергеу шаралары уақытына қызметінен шеттетілді.

"Ол оқу-жаттығу барысында өзін жайсыз сезінген, одан кейін құлап қалған. Бапкер дәрігерлер келгенше медициналық көмек көрсеткен. Педагог бүгінгі күннен бастап жұмысынан шеттетілді", - деп түсіндірді Есқалиев.

Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем 8 минутта келген, бірақ баланы құтқарып үлгермепті.

"Бригада келіп, барлық реанимациялық шараларды жасады. Бірақ жедел жәрдем келгенше оқушының қайтыс боп кеткенін анықтады. Жасөспірімнің неден көз жұмғаны белгісіз", - деді Алматы жедел жәрдем қызметі емдеу ісі жөніндегі директор орынбасары Шайхидин Бәдіров.

Мектеп директорының айтуынша, бала денсаулығына ешқашан шағымданбаған және қайғылы оқиға болған күні де барлық сабаққа қатысқан.

Қазір полицейлер істі тергеп жатыр. Сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Қазақ спорт және туризм академиясы жеткіншектер медициналық анықтамасыз жаттығуға жіберілмейді деп отыр.

Оқушының туыстары қайғылы оқиға жайлы ештеңе айтпады.

661
Кілт сөздер:
адам өлімі, оқушы, Алматы
Тақырып бойынша
Дәрігерді шақырдым, ал ұлым қолымда өліп бара жатты – уланған қос сәбидің анасы
Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарды сабыр сақтауға шақырды
Екібастұзда жасөспірімдер 3-сынып оқушысын соққыға жығып, видеоға түсірген
Қоңыр аю

Аю 50 жастағы әйелге тап берді видео

1
(Жаңартылды 10:58 30.10.2020)
Зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істеген, ол көптеген дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді  

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Ресейдің Курск облысында жануарлар үйіндегі аю қызметкерге тап берді, деп хабарлады РИА Новости.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан әйелдің тордың жанынан өтіп бара жатқанын көруге болады. Ол жолда тұрған таяқтан аттаймын деп, жыртқыш отырған торға тым қатты жақындап кеткен. Дәл сол кезде аю оны қолынан ұстап алып, ішке қарай тартқылайды, бір табанымен арқасынан да ұстап тұрады. Оны көрген қызметкерлер жүгіріп келіп, оны таяқпен ұра бастайды. Алайда аю қайтпайды. Ақырында әйелдің күрткесін жыртып тынады.  

Оқиға Фатежск ауданында орналасқан Новые дворы ауылында болған. Осы аймақтағы тергеу басқармасының мәліметіне сәйкес, зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істейді. Ол жерде үй жануарларымен бірге жабайы аңдарды да ұстайды.

Қостанай облысында 11 жастағы баланы қасқыр талап тастады

"Әйел аю отырған тордың жанынан өтіп бара жатқанда жыртқыштың шабуылына тап болды. Аю оны қолынан ұстап алып, өзі отырған торға тартқан. 50 жастағы әйел көптеген дене жарақатымен Курск облысының клиникалық ауруханасына жеткізілді", - дейді тергеушілер.

Тергеушілер тексеріс шараларын бастады. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады. "Фатежские будни" басылымының мәліметінше, әйелге гималай аюы тап берген.

Ал әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта аюдың өлгені туралы айтылады. Тордың ішінде үшкір таяқ қалып қойған. Аю соған өкпесін тілгізіп алған.

1
Кілт сөздер:
жануарлар әлемі, аю
Тақырып бойынша
Көжекке тұтқиылдан қаршыға шабуылдады: оқиғаның соңын ешкім күтпеген еді - видео
Буйвол туристердің көлігіне тап беріп, оны мүйізімен көтерді – видео
Лақ бір топ жыртқышқа тойтарыс берді – қызықты видео
Кішкентай ит арыстандармен айқасты, оқиғаның соңын ешкім күтпеді – видео  
Алматы облысында дәретхана қағазын шығаратын цехтағы жарылыс

Алматы облысында дәретхана қағазын шығаратын цехта жарылыс болды

43
Төтенше жағдай салдарынан бір жұмысшы көз жұмды, тағы біреуі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехта қазандық жарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Бейсенбі күні цехта қағаз кептіруге арналған қазандық жарылған. Төтенше жағдай салдарынан ішінара цехтың шатыры құлады, өрт болған жоқ. Цехтің аумағы – 200 шаршы метр, ал апат орнының аумағы 25 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен техникасы жіберілді.

Тағы оқыңыз: Павлодарда ТЖД қызметкері газ баллонын үйден шығарып жатқанда жарылыс болды

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, жарылыс салдарынан 1983 жылғы жұмысшы қаза болды. ТЖД қызметкерлері оны үйінді астынан алып шыққан. 1999 жылы туған тағы бір жұмысшы түрлі жарақатпен Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Жарылыстың алдын ала себебі – технологиялық өндірістің бұзылуы.

43
Кілт сөздер:
жарылыс, дәретхана, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: көлік жүргізуші көз жұмды
Ақсайда тазартқыш ғимаратта жарылыс болып, бөлімше бастығы көз жұмды
Алматыда жиһаз цехы өртенді: жарылыс болды – видео, фото
Есікте жанармай құю бекетінде жарылыс болды