Ер адам

Павлодарда әйелімен ұрсысып қалған ер адам күтпеген қадамға барды

1590
(Жаңартылды 14:15 10.11.2019)
Оқиға Усолка өзенінде болған, үстіндегі қалың киімімен суға секірген ер адамды құтқарушылар байқап қалды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Павлодарда 36 жастағы ер адам әйелімен сөзге келіп қалған соң, өзенді жүзіп өтпек болған.

Бұл туралы жергілікті Павлодар-онлайн басылымы хабарлады.

Оқиға Усолка өзенінде болған. Ер адам үстіндегі қалың киіммен суға секірген. Өзенді жүзіп өтпек болған "қаһарманды" құтқарушылар байқап қалды.

Тағы оқыңыз: Әл үстінде жатқан науқас күтпеген қадамға барды

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тез арада қайыққа мінді. Ер адамды құтқару станциясына әкеліп, құрғақ киім берді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Ер адам үйіне өзі кетті.

Қалыңдықтың гүл шоғын қағып алған қыздың жігіті күтпеген қадамға барды – видео

 

1590
Көпқабатты үй, архивтегі сурет

Ақтөбеде қыз бен жігіт 25-қабаттан секіріп кетті

1735
Ақтөбе қаласының тұрғыны полицияға қоңырау шалып, көпқабатты үйдің ауласында екі адамның денесі жатқанын айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Ақтөбе қаласында 18 жастағы жігіт пен 17 жастағы қыз 25-ші қабаттағы балконнан секіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 қараша таңғы сағат жетіде қала тұрғыны полицияға хабарласып, 11-шағын ауданындағы №112 "В" үйінің ауласынан екі жас адамның мәйіті табылғанын айтқан.

"Тексеріс кезінде олардың бірі бұрын жоғалған 17 жастағы қыз екені анықталды. Екіншісі оның 18 жастағы досы болып шықты. Қыз бен жігіт 25-қабаттағы кіреберістің балконынан секіріп кеткен", - делінген хабарламада.

Полицейлер қаза болғандардың жеке затын тәркіледі. Суицид себептерін анықтау бойынша тексеріс жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-тармағы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тіркелді.

Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, жасөспірімдер арасындағы суицидке, көп жағдайда, жауапсыз махаббат, ата-анасымен немесе құрдастарымен болған жанжал, жалғыздық себеп болып жатады.

1735
Кілт сөздер:
жігіт, қыз, Ақтөбе
Мұсылман қыз

"Көміп кетемін деді": Қаскелең тұрғыны ҰҚК қызметкері зорламақ болғанын мәлімдеді  

1556
(Жаңартылды 16:45 23.11.2020)
Әлеуметтік желіде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерін зорламақшы болды деп айыптаған қыздың видео үндеуі жарияланды. Жәбірленуші күдіктінің туыстары қоқан-лоққы жасап жатқанын айтады, ал тергеу жұмыстары созылып кеткен  

ТАЛДЫҚОРҒАН, 23 қараша – Sputnik. Алматы облысының тұрғыны Ая Өмірзақова зорлауға әрекеттену фактісі бойынша тергеу шаралары созылып кеткеніне шағымданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Қыз видеоүндеу жазып, оны өзінің Instagram парақшасында жариялады. Эмоционалды жазба әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айя Умурзакова (@aiya.umurzakova)

"Бұл қадамға бару оңай болмады, алайда үнсіз қалмауға шешім қабылдадым. Құзырлы органдардан, біздің биліктен маған көмектесуін және бұл істі бақылауға алуын сұраймын. Бәрі әділ болғанын қалаймын және осы істі объективті және жан-жақты тергеуге қол жеткізуді сұраймын",  - дейді жазба авторы.

Қыз Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері өзін зорламақ болғанын жария етті. 12 қыркүйекке қараған түні ол жұмыстан қайтып келе жатып, жол-жөнекей көлік тоқтатқан. Айтуынша, жүргізуші оған шабуыл жасап, ұрып-соғып, зорламақ болған. Қыз ер адамға қарсылық көрсетіп, зорлық-зомбылықтан әрең дегенде қашып құтылдым дейді.

"Қарсылық көрсеттім. Ол мені ұрып-соғып, орамалымды жұлып алды. Өлтіріп, көміп кететінін айтты", - дейді қыз.

Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар полиция шақырып, зорлықшыны қорқытып жіберген.  

Ол өзінің видео үндеуінде Қаскелең полицейлері бұл істі үш айдан бері тергеп жатқанын жеткізді. Ал күдіктінің туыстары оны қорқытып, алаяқтық жасады деп айыптауға тырысып жатқан көрінеді. Божеткен осы жағдайдан кейін жұмысынан айырылғанын, күйзеліске түсіп, психологтан көмек сұрауға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

Нұр-Сұлтанда ер адам 25 жастағы қызды зорламақ болды 

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың полицияға шағымданғанын растап, тергеу жұмыстары бақылауда екенін хабарлады.

"Жәбірленушінің арызы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 1-бөлігі  "Зорлауға  оқталу" бойынша тіркелген. Іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі. 

1556
Тақырып бойынша
Зеренді ауылының тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды
Тараздықтарды төрт күн бойы үрейде ұстаған адам қолға түсті
Жалақысын алуға барған: Алматыда ағайындылар үш баланың анасын зорламақ болды
"Айқайлама, айтқанымды істе!": Алматыда әншіге шабуыл жасалды
Газ конфоркасы

Қазақстанда елді мекендердің тек 24 проценті газбен қамтылған

3
(Жаңартылды 09:43 24.11.2020)
2015-2020 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру шараларына 125 миллиард теңге нысаналы трансферт бөлінген

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда 6 мыңнан астам елді мекеннің тек 1468-іне газ тартылған. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 90%-тен асатын неғұрлым газдандырылған өңірлерді атады. 

Олар: Атырау облысы – 99,6%, Маңғыстау облысы – 99%, Алматы қаласы – 98,8%, Батыс Қазақстан облысы – 96,2%, Шымкент қаласы – 92,1% және Ақтөбе облысы – 90,1%.

"Жалпы, еліміздегі 6 162 елді мекеннің 1 468-і немесе елді мекендердің жалпы санының 24%-ы газдандырылған", - деді Ноғаев үкімет отырысында.

Сондай-ақ, айтуынша, соңғы бес жылда 1 334 шақырым магистральдық газ құбырлары және 20 мың шақырымнан астам газ тарату желілері салынды.

Магистральдық газ құбырлары құрылысының өсуі 7%-ті, газ тарату желілері құрылысының өсуі 49%-ті құрады.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейін 53,07%-ке жеткізу күтілуде, бұл 2015 жылғы деңгейден 10%-ке артық.

2015-2020 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру шараларына 125 миллиард теңге нысаналы трансферт бөлінген, оның ішінде соңғы екі жылда 76 миллиард теңге бағытталды.

3
Кілт сөздер:
газ, Қазақстан
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда дәмханада жойқын жарылыс болды – видео
Нұр-Сұлтанда дәмханада қайтыс болған адамның отбасына 1 млн теңге төленеді
Газ нарығының болашағы қандай?
Павлодарда ТЖД қызметкері газ баллонын үйден шығарып жатқанда жарылыс болды
Мамин әкімдіктерге бір ай ішінде газ-техникалық инспекция құруды тапсырды