Алматы – Бішкек жолында үш көлік соқтығысты

Алматы–Бішкек жолында 3 көлік соқтығысты: бір адам көз жұмып, сегізі ауруханада жатыр

1374
Қаза болған әйелдің кім екені анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімі бойынша іс қозғалды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 16 қараша — Sputnik. Алматы – Бішкек тас жолында үш көлік соқтығысты, салдарынан бір адам қаза тауып, сегізі жарақат алды.

Жол апаты сенбі таңертең республикалық автожолдың 94 шақырымында болды. Үш көлік – Toyota Estima, Nissan Maxima және Hyundai Starex соқтығысқан. Салдарынан бір адам көз жұмып, сегізі Жамбыл аудандық ауруханасына жеткізілді.

"Апат орнында полицейлер жұмыс жасап жатыр. Жол апатының барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімі (Адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша іс қозғалды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметіне сәйкес, жол апатынан жас әйел көз жұмды, оның кім екені әзірге анықталған жоқ. Сегіз адам жарақат алды. Олар Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстары мен Алматы қаласының 21-34 жас аралығындағы тұрғындары.

Алматы облысының полиция департаменті күннің суытып, ауа райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге көліктің дөңгелегін жылдамдатып қысқыға ауыстыру қажеттігін еске салады. Сондай-ақ қыста күн бұзылған кезде алыс жолға шықпаған жөн.

Тағы оқыңыз: Павлодар облысында отбасы мінген көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады

1374
Кілт сөздер:
жол апаты
Тақырып бойынша
Қазақстандық футболшы отбасымен бірге жантүршігерлік апатқа ұшырады
Бәрі 17 жаста: Жантүршігерлік апаттан төрт бозбала көз жұмды – видео
Тоқаев Алматы облысындағы жантүршігерлік апатқа қатысты мәлімдеме жасады
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам көз жұмды
КамАЗ аударылды

Шымкентте КамАЗ 11 автокөлікті соқты видео

911
Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті, алайда алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емге жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте Тәуке хан даңғылында ірі жол апаты болды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, арматура тиелген жүк көлігінің тежегіші істен шыққан.

Жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні кешке болды. Арматура тиелген жүк көлігі 11 автокөлікті соқты. Оған тежегіштің істен шығуы себеп болған.

Апат салдарынан төрт адам зардап шекті, арасында жүк көлігінің жүргізушісі де бар. Дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты, ауруханаға жатқызылған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адамның көз жұмғаны хабарланды. Бетон тиелген көлік жеңіл машина мен бензовозға құлаған.

Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты.

911
Кілт сөздер:
КамАЗ, жол апаты, Шымкент
Тақырып бойынша
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтанда жаппай жол апаты болып, бір адам жарақат алды – видео
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды – видео
Ер адам, архивтегі сурет

Бурабайда өлі табылған әйелдердің кім екені анықталды

5090
(Жаңартылды 14:13 05.12.2020)
Бурабай ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, пәтерлердің бірінде үйдің екі иесі мен екі көршісінің денесі табылды

КӨКШЕТАУ, 5 желтоқсан — Sputnik.  Өткен түнде Ақмола облысы Бурабайдағы төрт әйелдің өліміне қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бурабай ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, пәтерлердің бірінде үйдің екі иесі мен екі көршісінің денесі табылды.

Қайтыс болғандардың бірі - 70 жастағы үй иесі. Оның 41-дегі қызы мен екі көршісі де көз жұмды. Сыныптасының айтуынша, 41 жастағы әйел соңғы кезде жиі алкоголь ішетін болған. Оның 20 және 13-тегі екі қызы қалды.

Пәтерде Вераның тағы екі танысының мәйіті табылды. Олардың біреуі Қарағандыдан келіп, жергілікті қонақүйде немесе дүкенде жұмыс істеген.

Төрт адамды өлтіріп, полицияға хабарласты

5 желтоқсан сағат 00:00-де Бурабай аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Бурабай тұрғыны қоңырау шалды. Ол төрт әйелді өлтіргенін айтқан. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып, зорлық-зомбылық белгілері бар төрт мәйіт тапты.

28 жастағы тұрғын бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған. Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес ("Адам өлтіру") сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

5090
Кілт сөздер:
мәйіт, әйел, Бурабай
Тақырып бойынша
Бурабайда 4 әйелдің мәйіті табылды – күдікті ұсталды
Көрпеге салып, скотчпен орап тастаған: Шымкентте әйелдің мәйіті табылды
Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды – видео
Қызылорда облысында қайғылы оқиға болды - үш адамның мәйіті табылды
Өскеменде қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды
Елорданың қысқы көрінісі

Бес өңірде дабылды ескерту жарияланды ертеңге ауа райы болжамы

0
6 желтоқсанда елордада түнде 26 градусқа дейін аяз болады, Маңғыстау облысында сынап бағанасы 23 градусқа дейін төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның бес өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

6 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Түркістан облысында кей жерлерді тұман басып, бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 23°С дейін аяз болжанып отыр.

6-8 желтоқсан күндері Жамбыл облысында кей жерлерде – тұман.

Қостанай облысында да тұман түседі деп күтілуде.

Өңірлердегі ауа райы

Атмосфералық ағымдардың әсерінен республика бойынша қар жауады деп болжануда. Елдің батысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады, жел күшейеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда желтоқсанда ауа райы қандай болады

Ақмола, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады, Түркістан облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, күндіз 18-20 градус, түнде 26 градус аяз.

Алматыда күн бұлтты, күндіз 1-3 градус, түнде 7-9 градус суық.

Шымкентте күндіз 1 градус жылы, түнде 8-10 градус суық.

0
Кілт сөздер:
жел, қар, тұман, ауа райы болжамы