Оқиға

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 12 адам зардап шекті

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуЗнак "Стоп" у въезда в карьер, архивное фото
Знак Стоп у въезда в карьер, архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Апат тас жолдың жөндеуде болған учаскесінде тіркеліпті. "ҚазАвтожол" тиісті белгілер орнатылған дейді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Ақтөбе - Атырау – Астрахань тас жолында екі көлік бір-біріне соғылып қалды. Оқиға салдарынан он екі адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Медициналық тексеру нәтижесінде зардап шеккен екі азамат ауруханаға жатқызылды.

Жол апаты 28 қарашада, түнгі сағат 23:30 шамасында Ақтөбе - Атырау – Астрахань тас жолының 743-ші километрінде болды.

"Исатай ауданы Манаш ауылы маңында Toyota Ipsum маркалы екі көлік бір-бірімен бетпе-бет соғылды. Апаттан кейін Аққыстау аудандық ауруханасына он екі адам келіп, көмек сұрады. Медициналық тексеруден кейін он адам үйіне жіберілді", - деп хабарлады "ҚазАвтожол"АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Ауруханада екі адам қалды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың бірі ауыр халде жатыр.

Полицейлер апаттың себебін тергеу барысында анықтайды. Оқиға жүргізушілердің жөнделіп жатқан жол учаскесін көрмей қалуынан болуы мүмкін.

Дегенмен "ҚазАвтожол" жолдың жөндеуден өтіп жатқаны туралы ескертетін барлық қажетті белгілер орнатылды дейді.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Жаңалықтар
0