Баланың қолы, архивтегі сурет

Ақтаудағы қайғылы оқиға - сәби балабақшада көз жұмды

2272
(Жаңартылды 16:33 08.12.2019)
Куәгерлер бала 27-ші шағын аудандағы жекеменшік балабақшаға барғанын айтады. Қайғылы оқиға 6 желтоқсан күні болған

НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан — Sputnik. Ақтаудағы жекеменшік балабақшада 2018 жылы дүниеге келген сәби көз жұмды. 

Қайғылы оқиға 6 желтоқсан күні түс кезінде болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Куәгерлердің айтуынша, бала 27-ші шағын аудандағы жекеменшік балабақшаға барған. Сәбидің неден көз жұмғаны белгісіз. 

Тағы оқыңыз: Туысы бетінен сүйген соң жаңа туған сәби шетінеп кетті

"Бұл факт Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2272
Кілт сөздер:
сәби, балабақша, Ақтау
Тақырып бойынша
Көкшетауда үш айлық сәби шетінеп кетті: анасы дәрігерді кінәлап отыр – видео
Басына пакет кигізген: қоқыстан табылған сәби өліміне қатысты тың дерек шықты
Бір жарым жасар сәби балабақшадан қашып кетті - видео
Дәрігерлер өлді деген сәби мәйітханада "тірілді"
Қыз ба, ұл ма? Алматыда ерекше сәби дүниеге келді
Тапаншамен ату

Шудағы арнайы операция: полицейлер арасындағы атыста біреуі ажал құшты

1956
(Жаңартылды 10:35 20.10.2020)
Атыс қаруымен қаруланған үш күдікті жол талғамайтын көлікпен жоғары жылдамдықпен келіп, арнайы жасақ қызметкерін қағып өткен. Ал қуғыншылар оларды тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында жүргізілген арнайы операция кезінде полиция қызметкерлеріне қарсы оқ атылып, бір адам қаза болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінің Шоқпар станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері есірткі тасымалымен айналысады деген күдікке ілінген.

Ішкі қауіпсіздік қызметіне полиция өкілдерінің есірткі жинап, оларды сату үшін Құмөзек аймағына баруы жоспарланып отыр деген ақпарат түскендіктен, арнайы мақсаттағы бөлім қызметкерлерімен бірлесе операция жүргізеді. Сондықтан да күдіктілердің жолын бөгеу үшін Шу – Тараз тас жолын жауып, олар мінген көлікті тоқтатуға әрекет жасалған.

Алайда, атыс қаруымен қаруланған үш күдікті жол талғамайтын көлікпен жоғары жылдамдықпен келіп, арнайы жасақ қызметкерін қағып өтіп, оқиға орнынан жасырынуға тырысады. Сондай-ақ, олар өз әріптестерінің ескертулеріне құлақ аспаған соң, қуғыншылар көлікті тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған.

"Үш күдіктінің екеуі атыс қаруынан жарақат алып, біреуі медициналық мекемеде көз жұмды. Жараланғандардың бірі ауруханаға жеткізілсе, тағы бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген ақпаратта.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 297, 345, 362-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында браконьердің әкесі инспекторларға оқ атты

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 297-бабы – есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың баламаларын алу, сату, сақтау немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындап, өңдеп, тасымалдағаны үшін;

345-бабы – көлік құралдарын басқаратын адамдардың жолда жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін;

362-бабы – қызметтік өкілеттік пен билікті асыра пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырады.

1956
Кілт сөздер:
полицейлер, шу, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Алматы саябағына жас жігіт қаруланып келіп, оқ атты
Шымкенттегі үйлену тойында қонақты пышақтап, маңдайына оқ атты
Талғарда қоғам белсендісіне оқ атты: әкім мен оның жүргізушісі ұсталды
Ұлы көз жұмды: белгісіз біреу қала орталығында депутаттың көлігіне оқ атты
Көзіне дәл тиген - Алматы облысы полиция бастығының орынбасарына оқ атты
Алматыдағы бизнес орталық

Алматыда бизнес орталықтан 300-ге жуық адам эвакуацияланды

67
(Жаңартылды 16:44 19.10.2020)
Эвакуация сағат 12.40-та басталды. Бизнес орталықта жұмыс істейтін барлық қызметкер сыртқа шығарылды

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Алматыда "Қаратал" бизнес орталығында ішінде не бар екені белгісіз сөмкеге байланысты 300-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Из бизнес-центра в центре Алматы эвакуировали всех из-за подозрительной сумки
© Sputnik / Тимур Ниталиев
Белгісіз сөмкенің кесірінен Алматы орталығындағы ғимараттан 300-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды

Эвакуация сағат 12.40-та басталды. Ғимаратта жұмыс істейтін барлық қызметкер сыртқа шығарылды. 
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне эвакуацияға бірінші қабатта белгісіз біреу қалдырып кеткен сөмке себеп болғанын айтты.

"Әйел сөмкені бірінші қабатта қалдырып кеткен. Сөмкеде қарапайым заттар болды. Біздің қызметкерлер барлығын тексеріп, сөмкенің иесін тапты. Кеңсе қызметкерлері жұмысына оралды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді полиция.

Из бизнес-центра в центре Алматы эвакуировали всех из-за подозрительной сумки
© Sputnik / Тимур Ниталиев
Кеңсе қызметкерлері жұмысына оралды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

Айта кетейік, "Қаратал" бизнес орталығы Алмалы ауданында Шевченко көшесі мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында орналасқан.

 

67
Кілт сөздер:
тұрғындарды эвакуациялау, Алматы
Тақырып бойынша
Көшеде жатқан көк сөмке шымкенттіктердің зәре-құтын қашырды
Төтенше оқиға: Петропавлда мейрамханадан 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды
Шығыс Қазақстанда төтенше оқиға болды - 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды
Алматыда Esentay Mall орталығынан адамдар шұғыл эвакуацияланды
Өскеменде иесіз жатқан сөмке күдік туғызып, бүтін бір көше қоршалды
мәжіліс отырысы

Мамин бастаған үкімет мүшелері мәжіліске келді

0
Мәжілісте 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заң жобасы қаралып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин бастаған үкімет мүшелері мәжіліске келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Отырыстың басында депутаттар экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жұмысқа алды. Депутат Нұртай Сабильяновтың айтуынша, осы құжат аясында 14 кодекске және 67 заңға өзгеріс енгізіледі. Соның ішінде кәсіпкерлік қызмет, бюджет, жер, экология, агроөнеркәсіп, сәулет, құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, микроқаржыландыру, жасанды интеллект және тағы басқа салалар бар.

"Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылдың 17 наурызына дейін қорытынды әзірлеуге дайын", - Сабильянов.

Осыдан кейін депуттаттар "Ұлттық қордан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансфет туралы" заңға өзгеріс енгізу мәселесін қарады. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов нақтыланған бюджет бойынша Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 4 триллион 770 миллиард теңге көлемінде айқындалғанын жеткізді.

"Заң жобасында 2020 жыл бойынша осы соманы қолданыстағы кепілдендірілген трансферт туралы заңда белгілеу көзделеді", - деп атап көрсетті Дәленов.

Мәжіліс кепілдендірілген трансфет туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Осыдан кейін депутаттар 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заң жобасын қарауға кірісті.

Осы мәселе бойынша ұлттық экономика министрі, қаржы министрі мен ұлттық банк басшысы баяндама жасады. Қазіргі кезде талқылау басталып кетті.

0
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, үкімет, Мәжіліс