Оқиға

Бес сағат бойы азаптады: Алматыда мүгедек қызды зорлаған азғын ұсталды

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка закрывает лицо руками, архивное фото
Девушка закрывает лицо руками, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл істі ішкі істер министрі бақылауға алды. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Алматыда 3-ші топтағы мүгедек қызды 53 жастағы көршісі зорлады. "Не молчи KZ" қоғамдық қорының ақпаратына сәйкес, оқиға 29 қараша күні болған.

"Қыз сағат 12.00 кезінде үйінен шыққан. Көшеде ер адам оны гаражына күшпен алып барып, бес сағат бойы азаптаған. Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігіне сәйкес (жәбірленушіге күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау) қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс аса қатыгездікпен жасалған. Ол қызды азаптап есірткі қолдануға мәжбүрлеген", - деп жазылған қоғамдық қордың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қыз көмекке шақыра алмаған. Өйткені күдікті оны тұншықтырыпты. Гараж жолдың бойында болғандықтан, қыз айқайласа да, даусы естілмейтін еді деп жазады қоғамдық қор өкілдері. Жәбірленуші кешкі сағат 8-де қашып кетіп, болған жағдайды туыстарына айтып берді.

Тағы оқыңыз: Шу ауданында педофил 3 жасар қызды зорлады: азғынды баланың әкесі қолға түсірді

Күдікті бірден ұсталды, тиісті сараптама жасалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Істі ішкі істер министрі бақылауына алды.

Жаңалықтар
0