Жедел жәрдем

Қостанайда жедел жәрдем дәрігерлері екі баланы өрттен құтқарды

100
(Жаңартылды 12:09 11.12.2019)
Жедел жәрдем машинасын жолда тоғыз жасар қыз тоқтатыпты. Бұл баланың ағасы мен әпкесі өртке оранған үйде қалып қойған екен

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан — Sputnik. Қостанайда жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері - жүргізуші Бекежан Бектасов пен фельдшер Гүлнәр Мұстафина екі баланы өрттен құтқарғаны үшін марапатталды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Водитель скорой помощи Бекежан Бектасов и фельдшер Гульнара Мустафина награждены за спасение детей из горящего дома
© Photo : Комитет по ЧС МВД РК
Бекежан Бектасов пен Гүлнәр Мұстафина

7 желтоқсан күні сағат 17:10-да жедел жәрдем қызметкерлері шақыруға бара жатып, жолда көмек сұраған тоғыз жасар қызды көріпті. Оның ағасы мен әпкесі жанып жатқан үйде қалып қойған екен. Бектасов пен Мұстафина қыз тұрып жатқан үйге жедел түрде жеткен. Олар бір терезеден алты және он бір жастағы балаларды көрсе, екінші терезеден көрші бөлмедегі ашық жалынды көріпті.

Тағы оқыңыз: Жаңа жыл мерекесінде балконда не істеуге болмайды – полиция ескерту жасады

Үйдің ішіне өртке оранған есік арқылы кіру мүмкін болмады. Бұған қоса, Бектасов терезені аяқпен сындыра алмапты. Сондықтан ол үйдің жанында жатқан құбырмен терезені шаққан екен. Содан кейін ол үйге кіріп, балаларды сыртқа шығарды.

Жедел жәрдем машинасы ағайындыларды ауруханаға жеткізді. Олар тексерілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Уақытында келген өрт сөндірушілер де өртті тез сөндіре алды.

Александра Панфилова
© Photo : Комитет по ЧС МВД РК
Александра Панфилова

Облыстық төтенше жағдайлар қызметі басшылығынан алғыс алған Бекежан Бектасов пен Гүлнәр Мұстафина жанып жатқан үйден шығып, ағасы мен әпкесін құтқарған тоғыз жасар Александраның үлкен еңбегін атап өтті. Александра Панфилова оқитын мектепте салтанатты жиын өтіп, төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғаныс подполковнигі А.Орымбаев батыр қызға грамота табыс етті.

100
Кілт сөздер:
өрт, Қостанай, жедел жәрдем
Тақырып бойынша
Алматы облысында әйел мен оның екі ұлының мәйіті табылды
Жезқазғанда мектепте сабақ кезінде өрт шықты - видео
Абай мінәжат еткен: Семей халқы көне мешітті қалай сақтап қалды - видео
Арыстағы жарылыс: Ішкі істер министрлігі тергеуге қатысты ақпарат берді
Таразда супермаркет өртеніп кетті
Төбелес, архивтегі сурет

Алматы әуежайында болған төбелестің видеосы желіде тарап кетті

1572
(Жаңартылды 15:08 24.11.2020)
Алматы халықаралық әуежайының барында сөзге келіп қалған адамдар бір-біріне жұдырық ала жүгірді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр

АЛМАТЫ, 24 қараша — Sputnik. Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тексеріс басталды. Алматы-Ақтау рейсінің мас жолаушысы барменнің ескертуіне дөрекі жауап беріп, жанжал басталған. 

Оқиға 23 қараша күні Алматы әуежайының күту залында болды. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода жолаушы барда ұйықтап қалған. Бармен оятқан кезде ер адам ашуланып, жанжал туындады. Ол бардың арғы жағына өтіп, төбелесе бастаған. Мұндайды күтпеген қызметкер қашуға мәжбүр болды.

Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

"Медициналық тексеріс кезінде жолаушының орташа дәрежеде мас екені анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді полицияда.

Оған сәйкес, 2 мың АЕК, яғни 5 556 000 теңге айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге қамауға алу шарасы қолданылуы мүмкін. 

Тексеріс жүргізіліп жатыр.

1572
Кілт сөздер:
видео, төбелес, әуежай, Алматы
Тақырып бойынша
Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді
Алматы облысында түрмеде төбелес шықты
Қарағандыда жаппай төбелес болғаны хабарланды
Елордадағы дәмханадағы жарылыс

"Адамдар айғайлап, жылап жатты": куәгерлер елордадағы жарылыс туралы айтып берді

695
Жарылыстың күшті болғаны соншалық, көрші үйлердегі терезе әйнектері шытынаған

АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмхана жарылысына сол маңда орналасқан гүл дүкенінде жұмыс істейтін адамдар куә болған.

Газ баллоны жарылғаннан кейін гүл дүкенінің қызметкерлеріне жарақат алғандардың алғашқы легі жүгіріп барған. Кейбіріне сол жерде көмек көрсетілді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Олар жараланған, қаны сорғалап тұрды. Бұл өте қорқынышты болды, бастапқыда ештеңе түсінбедік. Дүрлігіп, шу болып, айғайлап, жылады. Иісі жаман түтін болды", - дейді астаналық Нұржайнар.

Жарылыстың күшті болғаны соншалық, көрші үйлердегі терезе әйнектері шытынаған.

Взрыв в кафе в Нур-Султане
© Photo : МЧС РК
Дәмханада болған жарылыс

"Біз сол уақытта үйде болдық. Кенеттен қандай да бір тарсыл естілді, толқын секілді үйді шайқалтқандай болды. Содан кейін біраз уақыт өткен соң Шұбарда жеке тұрғын үйде жарылыс болғанын айтты", - деді Нұр-Сұлтанның Бәтима есімді тұрғыны.

Айта кетейік, қайғылы 21 қарашада болды. Түскі уақыт кезінде дәмхана ішінде ондаған қызметкер мен қонақтар болған кезде газ баллоны жарылды. Асхананың төбесі опырылып түскен, ішінде болған әйел апат орнында көз жұмды.

Апат салдарынан 34 адам зардап шекті, оның басым бөлігі – дәмхана қызметкерлері. Қазір 23 адам ауруханада жатыр.

Үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр, бір науқастың жағдайы аса ауыр, екі адамның хәлі ауыр, деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

"Тағы бір науқас травматология бөлімінде жатыр. Науқас жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған. Бұл ер адам – дәмхана қызметкері. Қалған адамдар комбустиология бөлімінде (күйік бөлімі – Sputnik)", - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Төтенше жағдайлар департаменті дәмхана ішінен 35 газ баллоны шығарылғанын хабарлады. Оларды осындай көлемде сақтауға болмайды, дейді ведомство өкілдері.

Нұр-Сұлтан полициясы қылмыстық кодекстің 292-бабының екінші бөлігі "өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Өрт-техникалық және сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Нұр-Сұлтан әкімдігі жарылыс салдарынан қайтыс болған әйелдің отбасына 1 миллион теңге төлеп, денесін Қызылордаға жеткізуге көмектесетін болды.

695
Кілт сөздер:
жарылыс
Терезе алдында тұрған бала, архивтегі сурет

Балтасы бар: Ресейде ер адам алты баланы кепілге алды

0
Полицияға ер адамның әйелі хабар берген, қаскөйдің мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Санкт-Петербург түбіндегі Колпино қаласында балтамен қаруланған ер адам алты баланы кепілге алды.

"Колпинодағы пәтерде ер адам алты баланы кепілге алды", - деді РИА Новости-ге куәгер.

Оның айтуынша, қаскөй мас және балтамен қаруланған. Төтенше жағдай орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді.

Сондай-ақ, бірқатар БАҚ-тың ақпаратынша, ер адам балаларды өлтіремін деп қорқытқан. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны және қандай талап қойып отырғаны әзірге белгісіз.

Полицияға ер адамның әйелі қоңырау шалып, көмек сұраған. Ол балалары жылап жатқан пәтерге кіре алмағанын айтты.

0
Кілт сөздер:
балалар, ер адам, балта, Ресей