Оқиға

"Хан Шатырдан" өрт шықты

© Photo : КЧСПожар в ТРЦ "Хан Шатыр"
Пожар в ТРЦ Хан Шатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызыл жалын 5 шаршы метр аумаққа шарпыған, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Елордалық "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығы бутиктерінің бірінде заттар өртенді, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

© Photo : КЧС"Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығы өртенді  
Хан Шатырдан өрт шықты - Sputnik Қазақстан
"Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығы өртенді  

14 желтоқсанда сағат 06.23-те 101 пультіне өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімдері келген кезде бірінші қабаттағы "Climber" бутигі өртеніп жатқан.

"Өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кірісті. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 06.44-те тоқтатылып, сағат 06.48-де 5 шаршы метр аумақта сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.  

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге елордалық төтенше жағдайлар департаментінің 32 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды.   

Нұр-Сұлтанда полиция "Хан Шатырды" қоршап алды

Естеріңізге сала кетейік, қараша айының басында "Хан Шатырдың" жертөлесіндегі электр кабельдері өртенген болатын. Сауда орталығының әкімшілігі өрт сөндірушілер келгенге дейін қызметкерлер мен келушілерді эвакуациялап үлгерген. Ешкім зардап шеккен жоқ.   

Жаңалықтар
0