Оқиға

Алматы маңындағы ұшақ апаты: қаза тапқандар саны 15 адамға жетті

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы түбіндегі ұшақ апаты
Алматы түбіндегі ұшақ апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таңғы жетіде Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы Талғар ауданындағы елді мекенге құлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматы маңында болған ұшақ апатынан көз жұмғандар саны 15 адамға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Оқиға орнында 14 адам қаза тапты, тағы біреуі ауруханада көз жұмды", - деп мәлімдеді шұғыл брифингте Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Алматы түбіндегі апат

Бүгін таңғы жетіде Алматы әуежайынан  Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Ұшақ Талғар ауданындағы елді мекенге құлаған. Лайнер "Бек Эйр" әуе компаниясына тиесілі.

Ұшақ бетон қоршауын бұзып, екі қабатты ғимаратқа соғылған. Шұғыл түрде құтқару жұмыстары басталды. Өрт болған жоқ.

Тағы оқыңыз: Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың аты-жөні жарияланды

Қазір оқиға орнында құтқарушылар, медициналық қызметтер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Үкімет басшысы басқаратын комиссия апат орнына ұшып шықты.

Апаттан кейін Fokker 100 типтегі ұшақтарды пайдалануға уақытша тыйым салынды.

Жаңалықтар
0