НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар — Sputnik. Ақтөбе облысында жоғалған 11 сынып оқушысы Анатолий Лебедев өлі күйінде табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Іздестіру тобы Алға ауданы Қарақұдық ауылынан төрт шақырым жерден кәмелетке толмаған Лебедев Анатолий Андреевичтің денесін тапты. Зорлықпен өлтіру белгілері анықталмаған. Алдын ала болжам бойынша, ол үсіп қалған. Тиісті сараптамалар бекітілді", - делінген ақпаратта.
Тағы оқыңыз: Ақтөбе облысында Жаңа жыл түні бозбала жоғалып кетті
Еске салсақ, оқушы бірінші қаңтарда жоғалып кеткен. Полиция мәліметінше, ол сағат 04.30-да таныстарының үйінен шығып, оралмаған.
Іздестіру жұмыстарына полиция, төтенше жағдайлар департаменті, ауыл әкімдігі қызметкерлері, волонтерлер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қарағанды – Балқаш автожолында Shacman көлігінің 59 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетті. Салдарынан 35 жастағы полиция қызметкері жүргізіп келе жатқан ВАЗ автокөлігімен соқтығысты.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында полицейлер жол апатына ұшырап, біреуі көз жұмды
Жол апатынан ВАЗ автокөлігінің ішінде болған 30 жастағы полиция қызметкері мен 46 жастағы облыс тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі – 35 жастағы полицей түрлі жарақатпен Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.
Қарағанды облысы ішкі істер органдары басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Қаза тапқан полиция капитаны Дәурен Қабдығалиев 2009 жылдың мамыр айынан бастап ішкі істер органдарында қызмет етті, үйленген, екі баласы бар.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (көлік басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлікті басқару қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ТАЛДЫҚОРҒАН, 21 қаңтар – Sputnik. Талдықорған қаласының орталығында жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бүгін таңертең сағат 07:55-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пультіне облыс орталығы көшелерінің бірінде автобус өртенгені туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер келген уақытта автобус толығымен отқа оранған.
"Өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. 14 қызметкер мен 3 бірлік арнайы техника оқиға орнына барды", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Еңбек – Талдықорған бағытында жүретін № 228 жолаушылар автобусы жанып кеткені анықталды. Өрт кезінде қоғамдық көлікте 5 жолаушы болған, олар салоннан өз бетімен шығып үлгерген.
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматыда инфекциялық аурухана салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру туралы іске түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қылмыстық іс ішкі мемлекеттік аудит актісі бойынша тіркелді. Тергеу барысында келтірілген нақты шығынды анықтау үшін актілер тексеріс жүргізу үшін тіркеледі. Ақшаның ұрланып-ұрланбағанын және сомасын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалады. Көп жағдайда бұрын айтылған шығын сомасы расталмай жатады, тіпті, істер тоқтатылған кездер де болған", - деп түсіндірді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте.
Айтуынша, қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.
"ақша шынымен жымқырылды ма, жоқ әлде бұл қандай да бір заңбұзушылық па, мұның бәрі тергеу барысында анықталады", - деп нақтылады ол.
Жемқорлыққа қарсы агенттік тергеу барысы туралы қосымша ақпарат береді.
"БАҚ-та резонанс туғызбауды өтінеміз. Бұл акті бойынша әдеттегі тіркеу, бізде ондай көп. Тергеу барысы туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Биғайдаров.
18 қаңтарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, бұл іске "Bi-Industrial" ЖШС директорының да қатысы бар екені айтылды.
БАҚ хабарлағандай, олар COVID-19 науқастарына арналған модульдік аурухананы салу кезінде 3,9 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді.
Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін БАҚ-та Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Алайда қала әкімдігі мұны жоққа шығарды.
Алматы әкімінің баспасөз қызметі Сапар Нұрашевтың өз жұмыс орнында екенін растайтын видео түсірді.