Ер адам, архивтегі сурет

Ақтөбедегі жаға ұстатарлық қылмыс: туысы мүгедек қызды екі жыл бойы зорлап келген

1966
Бойжеткен церебралды сал ауруына шалдыққан. Оған қоса, мылқау және құлағы естімейді. Ер адам өз кінәсін мойындамай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе қаласында ер адам бала кезінен II топтағы мүгедек қызды екі жыл бойы зорлап келген. Бұл туралы "Не Молчи" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ақтөбеде тағы жаға ұстатарлық қылмыс болды! Жәбір көрген қыздың туыстары біздің көмегімізге жүгінді. 1966 жылы туған туысқан ағасы осы үйдің мүгедек қызына қарап, емдеу массажын жасап тұрған. Ондай болады деп кім ойлаған?", - деп жазды Таңсәрі ұйымның Facebook-тегі парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, бойжеткен церебралды сал ауруына шалдыққан. Оған қоса, мылқау, құлағы да естімейді. Тіркеуде "деменция" диагнозымен тұр.

"Бір күні анасы туысқан ер адамның келгенін қызы ұнатпайтынын байқаған. Содан ақырын мәселенің мән-жайын сұрастыра бастады. Бас кезінде мүгедек қызы үндемеді, артынан анасына туысқан ағасының өзін бірнеше рет зорлағанын түсіндірген. Туған-туыстары тергеу кезінде мүгедек қыздан сурдоаудармашы арқылы жауаптың қалай алынғанын, сараптамада оның қиналып, бәрін  қалай түсіндіргенін айтқанда жағамызды ұстадық", - дейді ұйым жетекішісі.

Жәбірленуші анасына зорлықтың қай бөлмеде жасалғанын, тіпті орнына дейін көрсеткен. Ал туысқан ағасы өз кінәсін мойындамай, қыз өзі азғырып, қылмысқа итермеледі деп отыр. Сосын жыныстық қатынастың бір-ақ рет болғанын мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: "Бір жыл бойы зорлаған": Белгілі адвокат Тоқаевқа Сарыағаштағы сұмдықты айтты

Сараптама кезінде зорлық-зомбылықтың болғаны расталды. Ер адам қылмыстық кодекстің 120-бабы, 2-бөлімі, 4-тармақ (зорлау) бойынша жауапқа тартылады. Оған сәйкес, кінәлі адам бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

1966
Кілт сөздер:
зорлық-зомбылық, жиендер, мүгедек, қылмыс, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Жынысын ауыстырған жігітті түрмеде зорлады: адвокаты мән-жайды түсіндірді
Әйелін талдырып, өгей қызын зорлады: ауыр қылмыс жасаған ақтөбелік ұсталды
Бір кабинетте отыратын әріптесін зорлады деген күдікке ілінген дәрігер ақталып шықты
Ақтөбеде 9 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды - видео
Шу ауданында педофил 3 жасар қызды зорлады: азғынды баланың әкесі қолға түсірді
Оқиға орнында түсірілген сурет

Жүргізуші қысылып қалды: Алматыда ірі жол апаты болды

806
(Жаңартылды 13:34 27.01.2021)
Жойқын соққы салдарынан зардап шеккен азамат медициналық жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Жоғары жылдамдықпен жүйткіген жүк көлігінің жүргізушісі жол жиегінде тұрған үш автокөлікке соқтығысты. Осы оқиғаға байланысты Алматы полицейлері тергеу амалдарын бастады.

Жол апаты салдарынан бір адам қатты зардап шегіп, түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Ал оқиға Құлагер шағын ауданында болған. 

Массовое ДТП на улице Серикова
© Sputnik / Стрингер
Оқиға орнында түсірілген сурет

Куәгерлердің айтуынша, Серіков көшесімен келе жатқан ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі ұйықтап кеткен. Салдарынан жүк көлігі жол жиегінде тұрған FAW маркалы көлікті соққан. Ал ол Opel машинасын орнынан қозғап жібергендіктен, алдында тұрған Nissan Maxima көлігіне зақым келтірген.

Соққының жойқын болғаны соншалық, ГАЗельдің кабинасы майысып, жүргізуші қысылып қалған. Оны құтқару үшін Алматы қаласының құтқару қызметінің көмегіне жүгінуге тура келді. Олар арнайы гидравликалық қайшы қолдану арқылы жүргізушіні шығарып алды.

Зардап шеккен азамат медициналық жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Жол апаты кезінде терезеден ұшып кеткен баланы куәгер құтқарып қалды – видео

Қазіргі кезде осы оқиға бойынша Алматы полиция департаментінде тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар жасалады.

806
Кілт сөздер:
Алматы, жол апаты
Тақырып бойынша
Бес адам көз жұмды: Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты бес адамның өмірін қиды
Алматыда адам өмірін қиған жол апаты: оқиға орнынан тапанша мен пышақ табылды
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Алматыда он сағатта 70-тен аса жол апаты болды
Отқа оранған көлік

Алматыда көлік өртеніп кетті видео

107
(Жаңартылды 08:38 25.01.2021)
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша оқиғаға не себеп болғаны айтылды

АЛМАТЫ, 25 қаңтар — Sputnik. Алматының Рысқұлов көшесінде көлік өртенді. Зардап шеккендер жоқ.

Отқа оранған көліктің видеосы Kris.p.almaty Telegram-каналында жарияланды. Көлік өртеніп, айналаны қою қара түтін басқан. Болған жағдайды куәгерлер видеоға түсірді.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті жексенбі сағат 17.18-де 101 пультіне хабар түскенін айтты. Өрт сөндірушілер барған кезде BMW көлігі жанып жатқанын көрді. Өрт 17.39-да сөндірілді.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша оқиғаға көліктегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.

Құтқарушылар көлікте өрт бірер минутта тарап кететінін ескертті. Сондықтан темір тұлпарды арнайы көлікке қызмет көрсету орталықтарына тексеріске апарып отыру қажет.

107
Кілт сөздер:
Алматы, көлік, өрт
Тақырып бойынша
Автокөлік орындығын қыздыру неге қауіпті - видео
Нұр-Сұлтанның аспанын қара түтін басты – өрттің видеосы
Нұр-Сұлтанда көліктің төбесіне адам отырғызып тасыған жүргізуші жазаланды – видео
Тұрғын үйдегі өрт сегіз адамның өмірін қиды
Елордада сауда орталығында өрт шықты – видео
Зейнеткер, архивтегі сурет

Депутат ерлер мен әйелдер үшін зейнетақы жасын төмендетуді ұсынды

0
(Жаңартылды 16:47 27.01.2021)
Мәжілісмен елде жұмыссыз жастар мәселесі өткір тұрғанда, зейнетке шығу жасын кезең-кезеңмен көтеру ақылға сыймайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракция депутаттары ерлер мен әйелдер үшін зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Александр Милютиннің ойынша, қазіргі зейнетақы жүйесі түбегейлі өзгертуді қажет етеді.

"Қазақстандықтардың көбінде жалақы аз болғандықтан, зейнетақы жинағы жеткілікті емес. Сол себепті біздің партия бұған дейінгі ынтымақты зейнетақы жүйесіне қайта оралуды ұсынады. Біздің басты ұсынысымыз –  еңбек жағдайларының қиындығына байланысты азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарастыру. Зейнетке шығу жасын азаматтың жынысына қарамастан 60 жасқа дейін төмендету қажет ", - деді ол премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.

Мәжілісмен елде жұмыссыз жастар мәселесі өткір тұрғанда, зейнетке шығу жасын кезең-кезеңмен көтеру ақылға сыймайтынын айтты.

Сондай-ақ, Милютиннің пікірінше, ең төменгі базалық зейнетақы жыл сайынғы түзетумен орташа жалақыға тең болуы тиіс.

"Қазақстан халық партиясы үкіметтен болашақ зейнеткерлер үшін қаржылық "қауіпсіздік жастығын" қалыптастыруға арналған тетіктер тізімін кеңейтуді талап ететін болады", - деді депутат.

Оның айтуынша, зейнетақыны жыл сайын индексациялау кезінде тек номиналды инфляцияны ғана емес, нақты тұтыну бағасының өсу индексін, сондай-ақ, жалақы өсімі индексін де ескеру қажет.

Милютин карантиндік шектеу шараларынан елде жұмыссыздық деңгейі өсіп жатқанына алаңдады.

Бұдан бөлек, жұмыс істейтіндердің зейнетақы, міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйелерінен шығып қалу қатері күшеюде.

БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарнасы бойынша зейнетақы жинақтары 5 жыл ішінде алғаш рет төмендеген.  2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ол 11 триллион 405 миллиард теңге, ал 2020 жылдың 1 маусымына қарай 11 триллион 388 млрд теңгеге дейін, яғни 17 миллиард теңгеге қысқарды.

0
Кілт сөздер:
әйелдер, депутат, зейнетақы
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағына өтінім қабылдау басталды: жұртты мазалаған 10 сұрақ жауабы
Тұрғын үй сатып алуға зейнетақы жинағын пайдалану ережесі жарияланды
Зейнетақы жинағын пайдалану: процентсіз ипотеканы қалай алуға болады
Зейнетақы жинағын пайдалану: өтінім беру сайтында жаңа функция іске қосылды
Тағы екі банк зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу бойынша оператор атанды