Оқиға

Қарағанды облысында алаяқ басшы ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевТенге
Тенге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды облысында алаяқ басшы ұсталып, ол заңға сәйкес жазасын алды, деп ақпарат таратты агенттік

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Сәтпаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлады сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Сәтпаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәмшат Күнеділоваға қатысты тергеуді аяқтады.

"Ол орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қою және мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қалған қаражатты аудару үшін "Хлебстрой" ЖШС-нің Қарағанды филиалы директорынан 1 миллион 200 мың теңге көлемінде қаражатты алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы иемденуге әрекеттенген" – делініген агенттіктің ресми хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Алматыда бұрынғы әкімнің ұсталған сәтінің видеосы жарияланды

17 қаңтарда Сәтпаев қалалық сотының үкімімен К.Ш. Күнеділова алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды. Оған 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұған қоса, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Жаңалықтар
0