Қыс, жолдағы автокөліктер

Полицейді капотында тасыған: шымкенттік жүргізушінің қылмысы видеоға түсіп қалды

2879
Жүргізушіге қатысты билік өкіліне қатысты күш қолдану бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Шымкентте мас жүргізуші көлігімен полицейді қағып кетті. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлайды.

"Mitsubishi Galant" автокөлігін тізгіндеген жүргізуші Рысқұлов көшесінде "Audi-80" көлігімен соқтығысқан. Анықталғандай, Mitsubishi Galant жүргізушісі мас болған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген.

Жол сақшысы "Mitsubishi Galant" жүргізушісінен құжаттарын көрсетуді сұрайды. Алайда ер адам бас тартып, оқиға орнынан ізін суытпақ болған.  Ол көліктің жүруін бөгеген полицейді қағып, капотында үш шақырымға тасыған.

Десе де, полиция заң бұзған 31 жастағы жүргізушіні қолға түсірді.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы 2-бөлімі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазір ол Шымкент қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды.

Полицей зардап шеккен жоқ.

2879
Кілт сөздер:
видео, полиция, жүргізуші, Шымкент
Тақырып бойынша
2020 жылы жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады
Алматы облысында бірнеше полицей ұсталды
Алматыдағы апат: сәбиді құтқарған полицей оқиғаның мән-жайын айтты - видео
Түркістан облысында 26 экс-полицей сотталып кетті – олар қандай қылмыс жасады
Елімізде көлік тіркеу және жүргізуші куәлігін беру уақытша тоқтатылды
Алматыда троллейбус жас жігітті басып кетті: жүргізуші ес-түссіз болған
Қырғызстандық жүргізуші мен оның үш жолаушысы Қазақстан жолында қаза болды
Тапаншамен ату

Шудағы арнайы операция: полицейлер арасындағы атыста біреуі ажал құшты

1956
(Жаңартылды 10:35 20.10.2020)
Атыс қаруымен қаруланған үш күдікті жол талғамайтын көлікпен жоғары жылдамдықпен келіп, арнайы жасақ қызметкерін қағып өткен. Ал қуғыншылар оларды тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында жүргізілген арнайы операция кезінде полиция қызметкерлеріне қарсы оқ атылып, бір адам қаза болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінің Шоқпар станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері есірткі тасымалымен айналысады деген күдікке ілінген.

Ішкі қауіпсіздік қызметіне полиция өкілдерінің есірткі жинап, оларды сату үшін Құмөзек аймағына баруы жоспарланып отыр деген ақпарат түскендіктен, арнайы мақсаттағы бөлім қызметкерлерімен бірлесе операция жүргізеді. Сондықтан да күдіктілердің жолын бөгеу үшін Шу – Тараз тас жолын жауып, олар мінген көлікті тоқтатуға әрекет жасалған.

Алайда, атыс қаруымен қаруланған үш күдікті жол талғамайтын көлікпен жоғары жылдамдықпен келіп, арнайы жасақ қызметкерін қағып өтіп, оқиға орнынан жасырынуға тырысады. Сондай-ақ, олар өз әріптестерінің ескертулеріне құлақ аспаған соң, қуғыншылар көлікті тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған.

"Үш күдіктінің екеуі атыс қаруынан жарақат алып, біреуі медициналық мекемеде көз жұмды. Жараланғандардың бірі ауруханаға жеткізілсе, тағы бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген ақпаратта.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 297, 345, 362-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында браконьердің әкесі инспекторларға оқ атты

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 297-бабы – есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың баламаларын алу, сату, сақтау немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындап, өңдеп, тасымалдағаны үшін;

345-бабы – көлік құралдарын басқаратын адамдардың жолда жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін;

362-бабы – қызметтік өкілеттік пен билікті асыра пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырады.

1956
Кілт сөздер:
полицейлер, шу, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Алматы саябағына жас жігіт қаруланып келіп, оқ атты
Шымкенттегі үйлену тойында қонақты пышақтап, маңдайына оқ атты
Талғарда қоғам белсендісіне оқ атты: әкім мен оның жүргізушісі ұсталды
Ұлы көз жұмды: белгісіз біреу қала орталығында депутаттың көлігіне оқ атты
Көзіне дәл тиген - Алматы облысы полиция бастығының орынбасарына оқ атты
Алматыдағы бизнес орталық

Алматыда бизнес орталықтан 300-ге жуық адам эвакуацияланды

67
(Жаңартылды 16:44 19.10.2020)
Эвакуация сағат 12.40-та басталды. Бизнес орталықта жұмыс істейтін барлық қызметкер сыртқа шығарылды

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Алматыда "Қаратал" бизнес орталығында ішінде не бар екені белгісіз сөмкеге байланысты 300-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Из бизнес-центра в центре Алматы эвакуировали всех из-за подозрительной сумки
© Sputnik / Тимур Ниталиев
Белгісіз сөмкенің кесірінен Алматы орталығындағы ғимараттан 300-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды

Эвакуация сағат 12.40-та басталды. Ғимаратта жұмыс істейтін барлық қызметкер сыртқа шығарылды. 
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне эвакуацияға бірінші қабатта белгісіз біреу қалдырып кеткен сөмке себеп болғанын айтты.

"Әйел сөмкені бірінші қабатта қалдырып кеткен. Сөмкеде қарапайым заттар болды. Біздің қызметкерлер барлығын тексеріп, сөмкенің иесін тапты. Кеңсе қызметкерлері жұмысына оралды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді полиция.

Из бизнес-центра в центре Алматы эвакуировали всех из-за подозрительной сумки
© Sputnik / Тимур Ниталиев
Кеңсе қызметкерлері жұмысына оралды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

Айта кетейік, "Қаратал" бизнес орталығы Алмалы ауданында Шевченко көшесі мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында орналасқан.

 

67
Кілт сөздер:
тұрғындарды эвакуациялау, Алматы
Тақырып бойынша
Көшеде жатқан көк сөмке шымкенттіктердің зәре-құтын қашырды
Төтенше оқиға: Петропавлда мейрамханадан 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды
Шығыс Қазақстанда төтенше оқиға болды - 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды
Алматыда Esentay Mall орталығынан адамдар шұғыл эвакуацияланды
Өскеменде иесіз жатқан сөмке күдік туғызып, бүтін бір көше қоршалды
Блок бекет

Қарағанды облысының бір ауылы карантинге жабылды

2
Карантиннің енгізілуіне ауылға инфекция жұқтырған адамның келуі себеп болды. Енді тұрғындарға себепсіз көшеге шығуға болмайды

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Қарағанды облысының Центральный ауылы карантинге жабылды. Облыс әкімдігі санитарлық шараның қатаңдатылуын ауылға коронавирус инфекциясын жұқтырған адамның келуімен байланыстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Омбыдан келген қонақ коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсырды. Нәтижесінде инфекцияның бар екені анықталды. Ол кісімен байланыста болғандар да ауырып қалған. Бұхар Жырау ауданының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантинге алынған аймақтың шыға берісіне блок бекеттер қойылды. Енді бұл аймаққа кіріп-шығуға тыйым салынды", - делінген облыс әкімдігі таратқан ақпаратта.

Санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, ауыл тұрғындары карантин шараларын сақтауға міндетті. Үйден тек жұмысқа, жақын маңдағы дүкен немесе дәріханаға баруына болады.

Әкімдіктің хабарлауынша, карантин инфекция жұқтырған науқастардың барлығы жазылғанша жалғасады. Шектеулерді алып тастау бойынша ақпарат қосымша хабарланады.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Жамбыл облыстарында карантиндік шектеулер енгізілген болатын.

2
Кілт сөздер:
карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы