Өңірлер

Алматылықтар мен Қытай жастары жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевУлица Панфилова в Алматы
Улица Панфилова в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл оқиға кеше Алматыдағы Жамбыл Жабаев және Мағазы Масанчи көшелерінің қиылысында болған. Полиция тексерісті бастады  

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қытайлық жастармен болған жанжалдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видеода бір топ қытайлық жас ұзын айдаһардың формасын ұстап тұр. Үлкен кісілер олардың жолын бөгеп, наразылық білдіруде. Осыдан кейін бір жігіт айдаһардың басын сындырып кетеді. Оған қытайлық жастар ашуланып айғайлады. Осы кезде үлкендер төбелес шығармауға шақырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Абенов Мурат / Murat Abenov (@muratabenov)

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға күні кеше Алматыдағы Жамбыл Жабаев және Мағазы Масанчи көшелерінің қиылысында болған.

Оқи отырыңыз: Шетелдік жұмысшылар астанада төбелес шығарды

"Қазіргі кезде Алматы қалалық полиция департаменті осы оқиғаның куәгерлері мен қатысушыларын анықтау бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Осының нәтижесінде Қазақстанның заңнамасына сай шаралар қолға алынады", - делінген ресми хабарламада.

 

Жаңалықтар
0