Оқиға

Теміртауда қаланың қақ ортасында әйелге шабуыл жасалды – видео

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка закрывает лицо руками, архивное фото
Девушка закрывает лицо руками, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теміртаудағы саябақтардың бірінде белгісіз біреу әйелге шабуыл жасады. Қазір полиция ер адамды іздестіріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысы Теміртау қаласында көшенің қақ ортасында әйелге шабуыл жасалды. Желіде бұл оқиғаның видеосы да жарияланды. Қылмыскердің кім екені әлі анықталған жоқ. Ол оқиға орнынан қашып кетті.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері шабуыл жасаған адамды іздестіріп жатыр. Себебі ол бірден оқиға орнынан жасырынған екен.

Желіде жарияланған роликтен оның 23 қаңтарда түсірілгенін, ер адам мен әйелдің саябаққа ұқсас аумақта бір-біріне қарама-қарсы келе жатқанын көруге болады. Дереккөз мәліметінше, бұл жер – Гагарин даңғылы.

Тағы оқыңыз: Қазақмыс бас директорына шабуыл жасалды: бас прокуратура түсініктеме берді

Жігіт әйелге жақындап келіп, оған шабуыл жасайды. Оны жерге құлатып, ұрып-соға бастайды. Ал ол барынша қорғануға тырысады.

Одан соң бұзақы әйелді жібере салып, кетіп қалады. Үрейленіп қалған тұрғын әрі қарай кете береді.

"Бұл факт полицияда тіркелген. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деді Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0