ТАЛДЫҚОРҒАН, 30 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында Үшарал қаласының маңында кроссовер жүк көлігімен соқтығысты, жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Nissan X-trail және МАЗ-54322 көліктері Үшарал-Достық тас жолының төртінші шақырымында соқтығысқан. Болжам бойынша, жол апаты көктайғақ салдарынан болды.
Тағы оқыңыз: Қасында әйелі де болған - Қырғызстанда жас ақын жол апатынан көз жұмды
Кроссовердің рөлінде әйел отырған, көлік ішінде тағы төрт әйел болды, олардың барлығы жергілікті мектептің мұғалімдері.
Жол апатынан Nissan X-trail көлігінің екі жолаушысы көз жұмды, жүргізуші мен қалған екі әйел аудандық ауруханаға жеткізілген.
"Көктайғақ салдарынан жүргізушілердің біреуі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетті деген болжам жасалып отыр. Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар белгіленді", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Toyota жүргізушісі жол бойында отырған сатушы әйелдерді қағып кетті - видео
АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында Ленин атындағы шахтадағы апаттан бір жұмысшы қаза тапты.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының ұжымы мен басшылығы оқиға салдарынан Ленин атындағы шахтада қаза тапқан бұрғылау қондырғысының машинисі Николай Шадировтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", - делінген Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
"АрселорМиттал Теміртау" қайтыс болған адамның отбасына Қазақстан заңнамасына және ұжымдық шартқа сәйкес барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетеді.
Николай Шадиров – бұрғылау қондырғысының 5-ші разрядты жерасты машинисі. Ол компанияның көмір департаменті "Спецшахтомонтаждегазация" басқармасында 16 жыл, оның ішінде 15 жыл бұрғылау қондырғысының машинисі болып жұмыс істеген.
Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Ленин атындағы" шахтада метан газы мен ұсақ көмір фракциялары шығып кеткен. Мұндай жағдай барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде болған.
Тау-кен шебері мен машинистің көмекшісі оқиға орнынан кетіп үлгергенімен, машинистің өзі шыға алмай қалған. Ал апат кезінде шахтада үшінші ауысымның 137 жұмысшысы болған, оның 136-сы шығарылды.
Қарағанды шахтасындағы төтенше оқиға: екі адам зардап шекті
Бұған дейін шахтада газ бен көмір атындысы кезінде екі адам зардап шеккені хабарланды.
Аталған факті бойынша төтенше жағдайлар министрлігі өндірістік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жанынан арнайы тергеу комиссиясы құрылды.
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар — Sputnik. Қарағанды облысындағы көмір шахтасындағы апаттан кейін екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлады өңірлік әкімдіктің ресми сайты.
"Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада газ бен көмір шығарылымы кезінде екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта олар облыстық медициналық орталықтың токсикология бөлімшесінде жатыр", – делінген хабарламада.
1969 жылы туған ер адам 14 қаңтар күні 03.33-те медицина мекемесіне жеткізілді. Пациентке токсикологиялық энцефалопатия диагнозы қойылды. Жағдайы тұрақты, орташа деңгейдегіге жақын, деді әкімдікте.
Екінші пациент 1997 жылы туған. Оған қойылған диагноз да токсикологиялық энцефалопатия. Сағат 03:35-те ауруханаға жеткізілді, жағдайы тұрақты.
Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Ленин атындағы" шахтада метан газы мен ұсақ көмір фракцияларының шығарылымы жоғарылады. Мұндай жағдай барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде болғаны анықталды.
Тау-кен шебері мен машинистің көмекшісі оқиға орнынан кетіп үлгергенімен, машинисттің өзі шыға алмай қалды. Ал апат кезінде шахтада үшінші ауысымның 137 жұмысшысы болған, оның 136-сы шығарылды.
Аталған факті бойнша төтенше жағдайлар министрлігі өндірістік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жанынан арнайы тергеу комиссиясы құрылды.
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Сулавеси аралындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Осындай қиын жағдайда біз индонезиялық достарымыздың қайғыларына ортақтасып, олармен бірге екенімізді жеткіземін. Сонымен қатар табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып, үйлеріне оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.
Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет 5,7 және 6,2 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан отыздан астам адам көз жұмып, 600-ден астам тұрғын зардап шекті.
Жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалғаны белгілі болды.
Билік 15 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.