Архивтегі фото

Шымкентте балабақшада төрт бала мен тәрбиеші уланып қалды

335
(Жаңартылды 09:55 05.02.2020)
Шымкент балалар бақшасындағы оқыс оқиғаға газ жабдығының дұрыс жұмыс істемеуі себеп болуы мүмкін. Мамандар көптеген заң бұзушылықты анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Шымкенттегі жеке балабақшалардың бірінде төрт бір жасар бала мен жас тәрбиеші газға уланып қалды, деп хабарлады Otyrar.kz.

Оқиға сейсенбі, 4 ақпан күні "Қазығұрт" шағын ауданында болған.
Көмірқышқыл газымен уланған 2018 жылы туған төрт бала мен 1993 жылы туған тәрбиеші ауруханаға түсті.

Мамандардың  алдын ала қорытындысы бойынша оқиғаға табиғи газбен жұмыс істейтін газ колонкасының дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған.

Балабақша ғимараты 2018 жылы пайдалануға берілгені хабарланды. Мұнда сегіз бала тәрбиеленген.

Оқи отырыңыз: Ақтау балабақшасында күтуші қыздың үстіне ыстық сорпа төгіп алды

Газ тексерушілердің айтуынша, балабақшада бірнеше заңсыздық анықталған. Қосымша газ жабдықтарын орнатудан бастап, түтін шығаратын түтікті орнатуда өрескел заңбұзушылықтар анықталған.

Арнайы тексеру кезінде мамандар балалар тұрған бөлмеде көмірқышқыл газының қауіпті концентрациясын анықтады.

 

335
Кілт сөздер:
тәрбиеші, балабақша
Тақырып бойынша
Бүлдіршінді сорпамен күйдірген балабақша қызметкері жазадан құтылды
Балабақша меңгерушісі өз кабинетінде парамен ұсталды – видео
Алматыда балабақшадан сәби ұрламақ болған әйелге қатысты тың дерек шықты
Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті
Нұр-Сұлтанда жылдың үздік тәрбиешісі анықталды
Балабақшада құлап кеткен қызды терезеге тәрбиешінің өзі шығарған – видео
Алматыда балабақша тәрбиешісі 6 жылға сотталды
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтан полицейлері құжатсыз көлік жүргізген мас қызды ұстады

34
Қыз шамамен бір жарым жыл бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігінсіз автокөлік рөліне отырған мас қызды ұстады, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті Peugeot 206 көлігі таңертең ерте – таңғы алты шамасында  Сығанақ пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында көзге түскен.

"Тексеру барысында 28 жастағы жүргізушінің мас екені анықталды. Қыз жүргізуші куәлігі мен құжаттары жоқ екенін мойындады", - делінген полиция хабарламасында.

Медициналық тексеріске сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежеде мас болған. Сонымен қатар, 2019 жылдың маусым айында елорда тұрғыны ішімдікке тойып алып көлік жүргізгені үшін үш жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында мас жүргізушіні ұстау операциясы видеоға түсіп қалды 

Заң бұзушы уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  

34
Тақырып бойынша
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтанда жүргізушінің жолдағы бассыздығы видеоға түсіп қалды
"Уақыт созып отырған сияқты": жол апатына ұшыраған алматылықтың жанайқайы
Атырау облысында асфальт төсеу кезінде қайғылы оқиға болды
Қос полицей қазасы: жол апатына кінәлі жүргізушіге қатысты тың деректер жарияланды
Иллюстративті фото

Елорда тұрғыны тікелей эфирде өзіне қол жұмсамақ болды

37
Facebook қолданушысы полицияға қоңырау шалып, ер адамның тікелей эфирде өзіне қол жұмсағалы жатқанын айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан полицейлері тікелей эфирде өзін өлтірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға өткен жексенбіде, 25 қазан күні сағат 22.00 шамасында болған. Жедел басқару орталығына Facebook қолданушысы қоңырау соғып, қала орталығында белгісіз ер адам тікелей эфирде өзіне қол жұмсағалы жатқанын хабарлаған. Бейнебақылау операторлары ол адамды тез тауып алды: оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жіберілді.

Екі баласын бөлмеге қамап қойған: Шымкент тұрғыны үйді жарып жібермек болды

Полицейлер ер адаммен сөйлескен кезде, ол әйелімен ажырасып, балаларын сағынғанын айтқан. Полицейлер суицидтің алдын алды.

34 жастағы елордалық Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қатты күйзеліске түскен тұрғынмен психологтар жұмыс істеді.

37
Кілт сөздер:
тікелей эфир, суицид
Тақырып бойынша
Қаскелеңде ер адам көпірден секірмек болды – видео
Елордада полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды – видео
"Бала-шағам жейтін тамақ жоқ" дейді": полицейлер карантиндегі жұмысы туралы айтты
Нұр-Сұлтан әуежайының бұрынғы бас есепшісі тергеу абақтысында өзіне қол жұмсамақ болды