Пойыз, архивтегі фото

Орал-Алматы жолаушылар пойызы кері қайтарылды

5509
Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 182 жолаушыны әкеле жатқан пойызды Қарағанды стансасына қайтару туралы шешім қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Оралдан Алматыға шыққан жолаушылар пойызы техникалық ақау табылуына байланысты Қарағанды стансасына қайтарылды.

"2020 жылдың 5 ақпанында сағат 21:07-де "Орал – Алматы-2" бағытындағы №52 жолаушылар пойызы техникалық ақауға байланысты "Қарағанды – Ағадыр" (Қарағанды облысы) учаскесінің "Нілді – Айса" аралығында тоқтап қалды", - деп жазылған "Жолаушылар тасымалы" АҚ және "Жүк тасымалы" АҚ баспасөз қызметтері таратқан хабарламада.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 29 вагон тіркеп, 182 жолаушыны әкеле жатқан пойызды Қарағанды стансасына қайтару туралы шешім қабылданған.

"Орал – Алматы-2" бағытындағы №52 жолаушылар пойызы сол жерде тоқтады. Сапарды жалғастырса ақау пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Ақау екі вагон аралығынан табылып отыр.

Оқи отырыңыз: Қарағанды ​​облысында боран кезінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Қарағанды стансасында жолаушылар "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан жол жүру құжаттарының 100% құнын өндіріп ала алады. Сондай-ақ компания оларға Алматыға жол тартқан басқа пойыздармен сапарын жалғастыруды ұсынды.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінді.    

5509
Кілт сөздер:
пойыз, жолаушылар, техникалық ақаулық
Тақырып бойынша
Жамбыл облысында екі адамды пойыз басып кетті
"Бәрі аш деп айқайлады": Жолаушы автобустың ішінде не болғанын айтып берді
ҚТЖ әйелдер купесінен бас тарту себебін түсіндірді
Пойыз апатынан қаза болған жүргізушінің анасы: "Баламды кінәламасыншы"
Қарағанды ​​облысында боран кезінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
Тоқаев жазда пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасайтындарға шүйлікті
Өрт сөндіруші

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты

24
Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау

ПАВЛОДАР, 30 қазан — Sputnik. Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден егде жастағы әйел, баласы мен көрші пәтердегі балаларды қолға алып шығарды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі.

"Жұма күні сағат 12.36-да Жаяу Мұса көшесіндегі 1-ші үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Сегізінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде жиһаз бен киімдер отқа оранды. Өрт аумағы - 10 шаршы метр", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер пәтерден 65 жастағы әйел мен 45-тегі баласын қауіпсіз жерге шығарды. Әйел орта дәрежедегі газбен улану, арқасын күйік шалу және алкогольге улану диагнозымен терапия бөліміне жеткізілді.

Баласы да орта дәрежедегі улану диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Жағдайлары жақса, үйлеріне жіберілді.

Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау.

24
Кілт сөздер:
көпқабатты тұрғын үй, өрт сөндірушілер, Павлодар
Тақырып бойынша
Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео
Нұр-Сұлтанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды
Қоңыр аю

Аю 50 жастағы әйелге тап берді видео

630
(Жаңартылды 10:58 30.10.2020)
Зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істеген, ол көптеген дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді  

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Ресейдің Курск облысында жануарлар үйіндегі аю қызметкерге тап берді, деп хабарлады РИА Новости.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан әйелдің тордың жанынан өтіп бара жатқанын көруге болады. Ол жолда тұрған таяқтан аттаймын деп, жыртқыш отырған торға тым қатты жақындап кеткен. Дәл сол кезде аю оны қолынан ұстап алып, ішке қарай тартқылайды, бір табанымен арқасынан да ұстап тұрады. Оны көрген қызметкерлер жүгіріп келіп, оны таяқпен ұра бастайды. Алайда аю қайтпайды. Ақырында әйелдің күрткесін жыртып тынады.  

Оқиға Фатежск ауданында орналасқан Новые дворы ауылында болған. Осы аймақтағы тергеу басқармасының мәліметіне сәйкес, зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істейді. Ол жерде үй жануарларымен бірге жабайы аңдарды да ұстайды.

Қостанай облысында 11 жастағы баланы қасқыр талап тастады

"Әйел аю отырған тордың жанынан өтіп бара жатқанда жыртқыштың шабуылына тап болды. Аю оны қолынан ұстап алып, өзі отырған торға тартқан. 50 жастағы әйел көптеген дене жарақатымен Курск облысының клиникалық ауруханасына жеткізілді", - дейді тергеушілер.

Тергеушілер тексеріс шараларын бастады. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады. "Фатежские будни" басылымының мәліметінше, әйелге гималай аюы тап берген.

Ал әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта аюдың өлгені туралы айтылады. Тордың ішінде үшкір таяқ қалып қойған. Аю соған өкпесін тілгізіп алған.

630
Кілт сөздер:
жануарлар әлемі, аю
Тақырып бойынша
Көжекке тұтқиылдан қаршыға шабуылдады: оқиғаның соңын ешкім күтпеген еді - видео
Буйвол туристердің көлігіне тап беріп, оны мүйізімен көтерді – видео
Лақ бір топ жыртқышқа тойтарыс берді – қызықты видео
Кішкентай ит арыстандармен айқасты, оқиғаның соңын ешкім күтпеді – видео  
Ақорда ғимараты

Тоқаев пен Назарбаев Ердоғанға жеделхат жолдады

253
(Жаңартылды 13:58 31.10.2020)
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына қажет болған жағдайда көмек көрсетуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Измир провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтар туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды, деп хабарлайды Ақорда.

"Сізге және осы табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Жарақат алған адамдардың тез арада отбасыларына қайта оралуларына дұға етеміз. Бауырлас түрік халқына шынайы тілекші ел ретінде, қажеттілік туындаған жағдайда, қазақ халқы мен үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын", – делінген жеделхатта.

Елбасы Нұрсұлтан Назарьбаев та Түркияның Измир провинциясында жер сілкінісі салдарынан тұрғындардың зардап шегіп, қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын айтты.

"Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін", – делінген жеделхатта.

Түркиядағы жер сілкінісі

30 қазан күні Түркияда магнитудасы 7 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан Измир провинциясында ғана емес грекиялық Самос аралында да сезілді.

Жер сілкінісінің эпицентрі - Измир провинциясының Сеферихисар қаласында. Жер сілкінісі әсерінен Эгей теңізінде цунами толқыны болды.

253
Кілт сөздер:
Режеп Тайип Ердоған, Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
"Қайта қарау қажет": Тоқаев қазақстандықтар ұсынысын қолдайтынын айтты
Тоқаев үкіметке кімдердің жалақысын өсіруді тапсырғанын айтты
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Полицияда дөрекілік пен біліксіздікке жол берілмеуі керек – Тоқаев