Қордай

Қордай ауданының қос ауылындағы оқиғалар бір-бірімен байланысты ма?

1808
(Жаңартылды 18:39 09.02.2020)
Сортөбе мен Масанчи ауылдары бір біріне жақын орналасқан, дейді ішкі істер министрлігінің өкілі

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Сортөбе ауылында болған полицейлермен текетірестің Масанчидегі жаппай төбелеске қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Екі ауыл бір біріне жақын және Қордай ауданында орналасқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сортөбедегі текетірес мүлдем бөлек жағдай. Біріншіден, біз өзімізді қорғай аламыз. Екіншіден, ол жерде полицейлерге қарсылық көрсеткен барлық адам жауапқа тартылды. Екеуі ұсталды, біреуінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды", - деді Калайчиди Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, Сортөбеде көлік мінген жастар жол жүру ережесін бұзған. Сол үшін тоқтатылған болатын. Артынан полицейлерге қарсылық көрсеткеннен кейін қылмыстық іс қозғалды. Енді әкімшілік жауапкершілік емес, қылмыстық жаза қолданылады.

Айта кетейік, Сортөбе ауылында полицейлерге күш көрсету оқиғасы 7 ақпанда күндіз болған. Ал кешкі сағат 19:00-де жақын жердегі Масанчи ауылында жаппай төбелес басталды. Оның арты тәртіпсіздіктерге ұласты.

Жаппай тәртіпсіздіктер неден басталды

Ресми мәліметке сәйкес, бәріне 5 ақпандағы оқиға түрткі болған. Екі ауыл тұрғындары арасында кикілжің туындаған. Ол күні Масанчиде үш адам мінген көлік жолмен келе жатқан, тағы үшеуі жүк көлігімен ауладан шығып жатса керек. Сөйтіп, біреуі екіншісіне жол бермей, жанжал туындаған. Әдеттегідей, сөзден басталған кикілжің төбелеске ұласып кеткен.

Сол күні полиция келіп, кінәлі адамдарды анықтады. Біреуі қамауға алынса, екеуінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Жанжалға қатысқандардың ішінде жасы үлкен ер адам да болды. Оның сан сүйегі сынған. Дәл осы кикілжіңнің видеосы маңайдағы ауыл тұрғындары арасында тарап кетті. Видеоны таратқандардың пікірлері де тым қатты болды.

Тағы оқыңыз: Назарбаева Қордайда қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

"Ол жақта әрбір ауылдың өз чаттары бар. Видео сол чаттарда тарап кеткен ғой. Егде жастағы адамның соққыға жығылғаны, сосын арандатушылардың теріс пікірлері бар. Осының бәрі екі күн бойы чаттарда жинала берген, жинала берген. Ал чаттарда қызу қанды жастар көп қой. Ауылдар да бір-біріне жақын орналасқан. Сөйтіп, жұма күні кешке қарай бәрі жұмыстан келгесін жиналып, Масанчиге шығып кеткен", - деді Калайчиди Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Қордайдағы оқиға

7 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облыстық полиция департаментіне "Қордай ауданының Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр" деген ақпарат түсті. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуеметтік желі арқылы таратты.

Соның салдарынан жақын жердегі Ауқатты және Бұлан батыр ауылдарынан келген 300-ден астам азамат төбелеске қосылды. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрған. Тіпті, қару да қолданған. Салдарынан 8 адам қаза болды. Кейін ауруханада тағы екі адам көз жұмды. Жүздеген адам жарақат алды. Қырғызстан жаққа өтіп, емделіп жатқандар да бар. Жаппай тәртіпсіздік кезінде үш полицейге оқ тиді.

Тағы оқыңыз: Қордайдағы қақтығыс: Сапарбаев Қырғызстанға қашқандарға үндеу жасады

Қазіргі мәліметке сәйкес, 30-дан астам жеке үй, 15 сауда үйі мен 23 көлік зақымданған. Кеше сағат 21:00-ден бастап Қордай ауданында төтенше жағдай енгізілген.

Кеше ұсталған адамдардың көбісі босатылды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

1808
Кілт сөздер:
ауылдар, қақтығыс, Жамбыл облысы
Тақырып:
Қордайдағы қақтығыс (70)
Тақырып бойынша
Дүнген баласы Тоқаевқа видео жіберді – президент не деп жауап берді?
"Үшеуіне оқ тиді": министрлік Қордайдағы оқиға туралы нақты ақпарат берді
Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді
ІІМ Қордайда оқ тиген полицейлердің жағдайы туралы ақпарат берді
Қордайдағы оқиға: арандатушылар ұсталды
Жедел жәрдем көлігі, архивтегі фото

Қарағанды облысында полицейлер жантүршігерлік жол апатына ұшырады

4781
(Жаңартылды 10:03 22.01.2021)
Жүк көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып, полиция қызметкерлері мінген жеңіл автокөлікпен соқтығысты

АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қарағанды – Балқаш автожолында Shacman көлігінің 59 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетті. Салдарынан 35 жастағы полиция қызметкері жүргізіп келе жатқан ВАЗ автокөлігімен соқтығысты.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында полицейлер жол апатына ұшырап, біреуі көз жұмды 

Жол апатынан ВАЗ автокөлігінің ішінде болған 30 жастағы полиция қызметкері мен 46 жастағы облыс тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі – 35 жастағы полицей түрлі жарақатпен Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Қарағанды облысы ішкі істер органдары басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Қаза тапқан полиция капитаны Дәурен Қабдығалиев 2009 жылдың мамыр айынан бастап ішкі істер органдарында қызмет етті, үйленген, екі баласы бар.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (көлік басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлікті басқару қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

4781
Тақырып бойынша
Жолаушылар әр жерде жатыр: желіде Алматыдағы жол апатының видеосы жарияланды
Щучинскіде полицейлер жантүршігерлік жол апатынан қаза болды – видео
Полицейлер елорда тұрғындарын жолда барынша сақ болуға шақырды
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Жанып жатқан автобус, архивтегі фото

Талдықорғанда жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті видео

485
Өрт шыққан кезде автобуста бес жолаушы болған, олар салоннан шығып үлгерген, ешкім жарақат алған жоқ

ТАЛДЫҚОРҒАН, 21 қаңтар – Sputnik. Талдықорған қаласының орталығында жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Бүгін таңертең сағат 07:55-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пультіне облыс орталығы көшелерінің бірінде автобус өртенгені туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер келген уақытта автобус толығымен отқа оранған.   

"Өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. 14 қызметкер мен 3 бірлік арнайы техника оқиға орнына барды", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еңбек – Талдықорған бағытында жүретін № 228 жолаушылар автобусы жанып кеткені анықталды. Өрт кезінде қоғамдық көлікте 5 жолаушы болған, олар салоннан өз бетімен шығып үлгерген.   

485
Кілт сөздер:
өрт, автобус
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтан маңында жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Нұр-Сұлтан әуежайында көлік жанып кетті – видео
Қостанайда жолаушылар автобусы отқа оранды – видео
52 өзбек өртеніп кеткен автобустың иесіне сот үкімі шықты
Рудный қаласындағы автопаркте он автобус отқа оранды
Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

0
(Жаңартылды 19:34 22.01.2021)
2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыруға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.

Қала басшысы Елбасыға эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Оның мәліметіне сәйкес, 2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыруға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Көлгінов білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту жобаларына да тоқталды.

Сондай-ақ, астана әкімі пандемия жағдайында елорданың шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шаралары туралы айтып берді.

Елбасының ресми сайты Назарбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты да қабылдағанын хабарлап отыр.

 

 

 

0
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, Назарбаев
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанды бөліп алып, басқа мемлекет құрғысы келді – Назарбаев
Оны ұстап тұра алмадық – Назарбаев Айсұлтанның тәуелділіктен арыла алмағанына өкінді
Назарбаев түнде "Nur Otan" партиясының штабына келді
Назарбаев тағы да үндеу жасады
Назарбаев Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты