НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан – Теміртау тас жолында апат болып, салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді.
"Фотон" автокөлігі екі жүк көлігінің арасына қысылып қалды. Жол апаты салдарынан екі адам –"Фотон" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мәліметінше, оқиға орнында он үш техника жұмыс істеп жатыр. Апат болған жол құрғақ әрі таза.
Қайғылы оқиға 14 ақпан күні таңертең елордаға бара жатқан жолда болған.
АЛМАТЫ, 25 қаңтар — Sputnik. Алматының Рысқұлов көшесінде көлік өртенді. Зардап шеккендер жоқ.
Отқа оранған көліктің видеосы Kris.p.almaty Telegram-каналында жарияланды. Көлік өртеніп, айналаны қою қара түтін басқан. Болған жағдайды куәгерлер видеоға түсірді.
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті жексенбі сағат 17.18-де 101 пультіне хабар түскенін айтты. Өрт сөндірушілер барған кезде BMW көлігі жанып жатқанын көрді. Өрт 17.39-да сөндірілді.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша оқиғаға көліктегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.
Құтқарушылар көлікте өрт бірер минутта тарап кететінін ескертті. Сондықтан темір тұлпарды арнайы көлікке қызмет көрсету орталықтарына тексеріске апарып отыру қажет.
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысының полиция департаменті қазақстандық шаңғышы Николай Чеботьконың өліміне қатысты ақпарат таратты.
Бұған дейін хабарланғандай, спортшы Көкшетау-Бурабай тас жолында жол апатынан көз жұмды. Көлікті өзі жүргізіп келе жатқан.
Жол апаты жексенбі, 24 қаңтарда сағат 01:20-да Бурабай курорттық аймағында болды.
Полицейлер Көкшетау-Бурабай тас жолының сегізінші шақырымында Mercedes Benz 500G көлігінің 38 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, ағашты соққанын анықтады. Ер адам оқиға орнында көз жұмған.
Басынан жарақат алған 1984 жылы туған жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Оның айтуынша, Николай екеуі "Үлкен Шабақтыдан" балық аулап қайтып келе жатқан.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Николай Чеботько 1982 жылы 29 қазанда Щучьеде туған.
Шаңғы спортынан 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, төрт бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан спортшы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері.
Оқи отырыңыз: Атырауда танымал спортшыны өлтіріп кетті
Үлкен спорттағы ең ірі жетістігіне Чеботько 2013 жылы қол жеткізді. Ол сол жылы Валь-де-Фьеммеде өткен әлем чемпионатында командалық спринт бойынша үздік үштікке енді.
Сондай-ақ, спортшы Азия ойындарында үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алған.
Әлем кубогі кезеңдерінде 2001 жылдан бастап сынға түсті. 2012 жылы Квебектегі әлем кубогі кезеңінде Денис Волоткамен бірге тарихи алтын жүлдені иеленген. Ол бірнеше рет ел чемпионатында көзге түсіп, өмірінің соңына дейін шаңғы жарыстарында бақ сынады.
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.
Оқи отырыңыз: Таза ауыз су әрбір үйде болуы керек – Тоқаев
Жаңа түзетулерге сәйкес, енді жергілікті жерде ауыз сумен жабдықтау қызметінің бағасын мәслихаттар анықтайды. Мысалы, мәслихат республика бойынша ең төменгі тарифтен төмен емес және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, орташа облыстық деңгейден жоғары емес төлемдер мөлшерін бекіте алады.
Заң жобасының негізгі мақсаты:
Айта кетейік, бүгінде халықты ауыз сумен жабдықтау қызметінің құнын төмендету мақсатында мемлекеттен субсидия бөлініп тұрады. 2021 жылда осы мақсатта 16 миллиард теңге қарастырылған.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде ауыл халқының 87 проценті орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Осы санатқа 4 078 ауыл кіреді. Олардың ішінде 42 проценті субсидия алған.