Архивтегі фото

Ағаділдің өлімі: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тексеріс жүргізілетінін айтты

9226
(Жаңартылды 20:36 25.02.2020)
Тәуелсіз топтың өкілі тергеу изоляторындағы бейнебақылау камерасының жазбаларын жан-жақты зерделеп шығады

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің тергеу изоляторында қайтыс болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Кеше, 24 ақпанда Дулат Ағаділді тергеу изоляторына мас күйінде жеткізді. Алайда ол маңызды емес. Ең бастысы, оны ұстау, абақтыға отырғызу және алғашқы медициналық көмек көрсету жағынан тәртіп бұзушылықтар болмауы тиіс. Осы орайда азаматтық қоғам өкілдері оқиға орнына барып, зорлық-зомбылық және адамның ар-намысын қорлауға қатысты тағы басқа мәселелерді тексере алады", - деді Әзімова астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Ағаділ және тағы төрт адам отырған тергеу изоляторында тәуелсіз топтың өкілі жүр. Ол бейнебақылау камерасының жазбаларын жан-жақты зерделеп шығады.

"Жазбаның жалпы уақыты шамамен 8 сағат, тәуелсіз топтың өкілі соның бәрін қарап шығуы керек. Ағаділ мырза қоғам белсендісі болған. Сондықан азаматтық қоғам тарапынан оның өліміне қатысты сұрақтар бар. Күдік те жоқ емес. Сондықтан біз тәртіп бұзушылықтар болды ма, жоқ па, соны жан-жақты зерделеп шығуымыз қажет ", - деп атап көрсетті Әзімова.

Оның сөзіне қарағанда, марқұмның отбасына адвокат берілді. Ол сот-медициналық сараптаманы бақылайды. Ал үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік сараптамадан бөлек тәуелсіз сот сараптамасын ұйымдыстыру жағын пысықтап жатыр.    

Ағаділдің өлімі

Бүгін ішкі істер органдары Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғанын хабарлады.

"Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында 1977 жылы туған қоғам белсендісімен бірге тағы төрт адам болған. Олар Дулат Ағаділге зорлық-зомбылық жасалмағанын айтты", - дейді полицейлер.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, қоғам белсендісі ұсталған кезде мас болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дулат Агадил (@dulatagadil)

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері ер адамның өлімін растады. Оның өліміне жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі себеп болғаны айтылып отыр. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі жоқ. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция Нұр-Сұлтанда тергеу абақтысында көз жұмған Дулат Ағаділге қатысты ақпарат берді

Еске сала кетсек, Дулат Ағаділ қаңтар айында сырттай айыпталушы деп танылып, ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған. Мұны орындамағаны үшін сот қоғам белсендісіне қатысты шараны қамауға алуға алмастырды.

Кеше, 24 ақпан күні сағат 21:00-де Ағаділ үйінен тергеу абақтысына жеткізілді. Оған қатысты қылмыстық заңбұзушылық жасағаны, судья мен сот отырысына қатысушыларға тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

9226
КамАЗ аударылды

Шымкентте КамАЗ 11 автокөлікті соқты видео

67
Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті, алайда алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емге жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте Тәуке хан даңғылында ірі жол апаты болды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, арматура тиелген жүк көлігінің тежегіші істен шыққан.

Жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні кешке болды. Арматура тиелген жүк көлігі 11 автокөлікті соқты. Оған тежегіштің істен шығуы себеп болған.

Апат салдарынан төрт адам зардап шекті, арасында жүк көлігінің жүргізушісі де бар. Дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты, ауруханаға жатқызылған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адамның көз жұмғаны хабарланды. Бетон тиелген көлік жеңіл машина мен бензовозға құлаған.

Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты.

67
Кілт сөздер:
КамАЗ, жол апаты, Шымкент
Тақырып бойынша
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтанда жаппай жол апаты болып, бір адам жарақат алды – видео
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды – видео
Ер адам, архивтегі сурет

Бурабайда өлі табылған әйелдердің кім екені анықталды

3539
(Жаңартылды 14:13 05.12.2020)
Бурабай ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, пәтерлердің бірінде үйдің екі иесі мен екі көршісінің денесі табылды

КӨКШЕТАУ, 5 желтоқсан — Sputnik.  Өткен түнде Ақмола облысы Бурабайдағы төрт әйелдің өліміне қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бурабай ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, пәтерлердің бірінде үйдің екі иесі мен екі көршісінің денесі табылды.

Қайтыс болғандардың бірі - 70 жастағы үй иесі. Оның 41-дегі қызы мен екі көршісі де көз жұмды. Сыныптасының айтуынша, 41 жастағы әйел соңғы кезде жиі алкоголь ішетін болған. Оның 20 және 13-тегі екі қызы қалды.

Пәтерде Вераның тағы екі танысының мәйіті табылды. Олардың біреуі Қарағандыдан келіп, жергілікті қонақүйде немесе дүкенде жұмыс істеген.

Төрт адамды өлтіріп, полицияға хабарласты

5 желтоқсан сағат 00:00-де Бурабай аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Бурабай тұрғыны қоңырау шалды. Ол төрт әйелді өлтіргенін айтқан. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып, зорлық-зомбылық белгілері бар төрт мәйіт тапты.

28 жастағы тұрғын бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған. Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес ("Адам өлтіру") сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

3539
Кілт сөздер:
мәйіт, әйел, Бурабай
Тақырып бойынша
Бурабайда 4 әйелдің мәйіті табылды – күдікті ұсталды
Көрпеге салып, скотчпен орап тастаған: Шымкентте әйелдің мәйіті табылды
Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды – видео
Қызылорда облысында қайғылы оқиға болды - үш адамның мәйіті табылды
Өскеменде қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды