Прокурор, архивтегі сурет

Ағаділдің өлімі: марқұмның туыстары қандай өтініш жасады

5560
Ағаділдің туыстары сот-медициналық сараптамаға тағы екі маман қатыссын деген өтініш жасаған. Оларға рұқсат берілді

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өлімін тергеуге қатысты қосымша ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтің айтуынша, бүгіннен бастап осы істі арнайы прокурорлар тергейтін болды.

"Қазіргі кезде қылмыстық іс арнайы прокурорлар басқармасының өндірісінде. Олар бас прокуратураға қарайды", - деді Әділов журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, Ағаділдің туыстары сот-медициналық сараптамаға тағы екі маман қатыссын деген өтініш жасаған. Оларға рұқсат берілді. Ал сот-медициналық сараптаманың толық қорытындысы заң бойынша 25-30 күнде жасалады. Департамент басшысы қоғам белсендісі қалай ұсталғанын да айтып берді.

"Шұғыл іздестіру шараларын Ақмола облыстық департаменті қызметкерлері атқарды. Дулат Ағаділ сағат 20:37-де ұсталған болатын. Одан кейін біздің қызметкерлеріміз оны емханаға апарды. Сол жерде ол дене жарақатының бар-жоғын анықтайтын тексерістен өтті. Сосын наркология орталығына барды. Мамандар Ағаділдің орташа деңгейде мас болғанын анықтады. Ағаділдің өзі ешқандай қарсылық көрсеткен жоқ", - деп атап көрсетті Әділов.

Дулат Ағаділмен бірге тергеу изоляторында отырған төрт адамнан жауап алынды. Әділовтің айтуынша, олар жалпыға ортақ қылмыстар үшін қамауға алынған болатын. Алайда департамент басшысы нақты қандай қылмыс екенін айтқан жоқ.

"Олардан жауап алынды. Сол мәліметтер де Дулат Ағаділге қатысты ешқандай зорлық-зомбылықтың жасалмағанын растап отыр", - дейді Әділов.  

Ағаділдің өлімі

Кеше, 25 ақпанда ішкі істер органдары Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері ер адамның өлімін растады. Оның өліміне жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі себеп болғаны айтылып отыр. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі жоқ. Сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Еске сала кетсек, Дулат Ағаділ қаңтар айында сырттай айыпталушы деп танылып, ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған. Мұны орындамағаны үшін сот қоғам белсендісіне қатысты шараны қамауға алуға алмастырды.

Тағы оқыңыз: Полиция Нұр-Сұлтанда тергеу абақтысында көз жұмған Дулат Ағаділге қатысты ақпарат берді

24 ақпан күні сағат 21:00-де Ағаділ үйінен тергеу абақтысына жеткізілді. Оған қатысты қылмыстық заңбұзушылық жасағаны, судья мен сот отырысына қатысушыларға тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

 

5560
Кілт сөздер:
тергеу, прокурорлар, өлім
Тақырып бойынша
Ағаділдің өлімі: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тексеріс жүргізілетінін айтты
Жұмбақ жағдайда көз жұмған елшілік қызметкеріне тағы бір сараптама жасалды
"Ажал да ғайыптан": Әншілер мен қоғам қайраткерлері тәубеге қалай түскенін жазды
"Нақты талап пен тақырып жоқ": Саясаттанушы елдегі митингілер туралы айтты
Руслан Жанпейісов не үшін ұсталды – министрлік жауабы
Ер адам, архивтегі сурет

Бурабайда өлі табылған әйелдердің кім екені анықталды

3247
(Жаңартылды 14:13 05.12.2020)
Бурабай ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, пәтерлердің бірінде үйдің екі иесі мен екі көршісінің денесі табылды

КӨКШЕТАУ, 5 желтоқсан — Sputnik.  Өткен түнде Ақмола облысы Бурабайдағы төрт әйелдің өліміне қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бурабай ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, пәтерлердің бірінде үйдің екі иесі мен екі көршісінің денесі табылды.

Қайтыс болғандардың бірі - 70 жастағы үй иесі. Оның 41-дегі қызы мен екі көршісі де көз жұмды. Сыныптасының айтуынша, 41 жастағы әйел соңғы кезде жиі алкоголь ішетін болған. Оның 20 және 13-тегі екі қызы қалды.

Пәтерде Вераның тағы екі танысының мәйіті табылды. Олардың біреуі Қарағандыдан келіп, жергілікті қонақүйде немесе дүкенде жұмыс істеген.

Төрт адамды өлтіріп, полицияға хабарласты

5 желтоқсан сағат 00:00-де Бурабай аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Бурабай тұрғыны қоңырау шалды. Ол төрт әйелді өлтіргенін айтқан. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып, зорлық-зомбылық белгілері бар төрт мәйіт тапты.

28 жастағы тұрғын бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған. Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес ("Адам өлтіру") сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

3247
Кілт сөздер:
мәйіт, әйел, Бурабай
Тақырып бойынша
Бурабайда 4 әйелдің мәйіті табылды – күдікті ұсталды
Көрпеге салып, скотчпен орап тастаған: Шымкентте әйелдің мәйіті табылды
Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды – видео
Қызылорда облысында қайғылы оқиға болды - үш адамның мәйіті табылды
Өскеменде қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды
Алматы көрінісі

Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды видео

674
(Жаңартылды 14:14 05.12.2020)
Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты

АЛМАТЫ, 5 желтоқсан – Sputnik. Алматы-Бішкек тасжолында ірі жол апаты болды. Бетон тиелген жүк көлігі, бензовоз және Lexus көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

  • ДТП на трассе с участием бетономешалки и бензовоза
    Алматы облысындағы жол апаты
    © Sputnik / Стрингер
  • ДТП на трассе с участием бетономешалки и бензовоза
    Апат салдарынан екі адам қайтыс болды
    © Sputnik / Стрингер
1 / 2
© Sputnik / Стрингер
Алматы облысындағы жол апаты

Куәгерлердің айтуынша, оқиға тасжолдың 22-ші шақырымында болған. Жеңіл көлік пен бензовоз батыс бағытта қозғалып бара жатқан.

Екі көлік те жолдың маңындағы мейрамханада тоқтап, бұрылған. Бұл уақытта қарама-қарсы бағыттан бетон тиелген көлік келді.

Ол жол жиегіне соғылып, жеңіл көлік пен бензовозға құлады.

Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты.

Полиция жол апатының себебін анықтап жатыр.

674
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, жол апаты, Алматы
Тақырып бойынша
Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды: жеңіл көлік жапырылып қалды  
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты бес адамның өмірін қиды
Нұр-Сұлтанда жаппай жол апаты болып, бір адам жарақат алды – видео
Илья Ильин Sputnik студиясында өткен баспасөз мәслихатында

Илья Ильин сүйінші жаңалығын бөлісті

0
Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазды

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Танымал қазақстандық спортшы Илья Ильин Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері болып тағайындалды.

Ауыр атлет сүйінші жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Тағайындау! Ильин Илья Александрович ҚР БҒМ "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" РМҚК дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Биыл 10 қыркүйекте Ильин Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқаратынын мәлімдеген еді. Танымал спортшы туған жерінде спортты дамытуға қатысты үлкен жоспарларының бар екенін жеткізді.

Ал 8 қазанда ауыр атлет "Халық алғысы" медалімен марапатталды.

0
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, спортшы, Илья Ильин
Тақырып бойынша
Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады
Илья Ильин алтын медаль ұтып алды - видео
Илья Ильин "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды