Оқиға

Ақтөбе облысында Тәжікстан азаматтары мінген автобус аударылып кетті

© Sputnik / Сергей ВенявскийАвтобус на трассе, архивное фото
Автобус на трассе, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасына көктайғақ себеп болуы мүмкін. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ  

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысындағы Қарабұтақ-Қостанай тасжолында жолаушылар автобусы аударылып кетті, оның салонында 45 Тәжікстан азаматы, сонымен қатар үш қазақстандық жүргізуші болған.

Жол апаты 26 ақпанда сағат 20:00-де Қарабұтақ елді мекенінен 20 шақырым жерде болды, деп хабарлайды өңірлік "Диапазон" басылымы.

Ақтөбе облысында жолда төрт Тәжікстан азаматы қаза болды 

Полицияның мәліметінше, тайғақ жол учаскесінде автобус жыраға түсіп кетіп, бір бүйіріне құлаған.

Автобус Шымкенттен Екатеринбургке бара жатқан. Салонда 48 адам: үш қазақстандық жүргізуші мен 45 тәжікстандық жолаушы болды.

Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Патрульдік полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жолаушыларды кемпингке (автотуристердің лагері) эвакуациялады.  

Жаңалықтар
0