Полиция қызметкері

Екібастұзда полицейдің денесі табылды - қылмыстық іс қозғалды

4217
Полиция 27 жастағы қызметкердің өліміне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз — Sputnik. Екібастұзда қалалық полиция қызметкерінің денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.  

"Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Өзге ақпарат жарияланбайды", – деді облыстық полиция департаменті.

Бұған дейін әлеуметтік желідек ресейлік нөмірмен жүрген көлікте 27 жастағы полиция қызметкерінің денесі табылғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Хабарламада оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екені айтылған.

Тағы оқыңыз: Полицейдің артында 4 айлық баласы қалды: Қостанай облысындағы қайғылы оқиғаның мән-жайы

Оқиға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне ("адам өлтіру") сәйкес іс қозғалды. Бұл бап бойынша кінәсі дәлелденген адам сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

4217
Кілт сөздер:
өлім, түсініктеме, желі, полицей, Екібастұз
Тақырып бойынша
Қызметінен босатылған полицей жамбылдықтарға үндеу жасады
Желіде балалардың Қордайда жүрген полицей әкесіне жазған хаты жарияланды
Түркістан облысында жігітті зорлаған экс-полицей ісіне қатысты тың ақпарат шықты
Алматыдағы апат: сәбиді құтқарған полицей оқиғаның мән-жайын айтты - видео
Түркістан облысында 26 экс-полицей сотталып кетті – олар қандай қылмыс жасады
Адамның қолы

Шымкентте ер адамның бассыз денесі табылды

649
(Жаңартылды 09:24 26.11.2020)
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам 8 жылдан 15 жылға дейін сотталады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша — Sputnik. Жантүршігерлік оқиға Шымкенттегі саяжай аумағында болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға 8 қараша күні таңертең болған. Бұталардың арасында ер адамның бассыз денесі табылды, деп жазады жергілікті Otyrar.kz басылымы. Полицейлер бірден аумақта тексеру жұмысын жүргізді. 

"Мәйітті тауып, полицейлер фото және видео түсірді. Біздің ауданда қылмыс болмайтын. 20 жыл ішінде қылмыс жасалғанын естіген жоқпын. Полиция жедел қызмет етті, көмектескені үшін алғыс білдіреміз", - деді "Қайнар-Бұлақ" саяжай ауданының тұрғыны Қорғанбай Досметов.

Тергеу оқиғаның мән-жайын айтпай отыр. 2001 жылы туған күдікті ұсталғаны хабарланды.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес ("Адам өлтіру") сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам 8 жылдан 15 жылға дейін сотталады.

649
Тақырып бойынша
Шымкентте туған әкесінен жүкті болған 15 жасар қыз босанды
Терезеден секіріп кеткен: Шымкентте қыз алып қашқан жігіттің үстінен іс қозғалды
Шымкентте ер адам 11-қабаттан құлап кетті
Шымкентте үш жасар бала бензин ішіп қойды: дәрігерлер жағдайын айтты
Көрпеге салып, скотчпен орап тастаған: Шымкентте әйелдің мәйіті табылды
Есіктің сынған әйнегі, иллюстративті фото

Алматы облысында әйелді бір жасар қызының көзінше өлтіріп кетті: оқиғаның мән-жайы

1526
Әйелді өлтірді деген күдікпен марқұмның күйеуі мен оның танысы ұсталып, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Алматы облысында 34 жастағы Светлана Ермошенконы бір жасар қызының көзінше өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әйелдің өлімі туралы ақпаратты құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желілердегі парақшасында жариялады. Ал марқұмның туыстары Светлананы өлтіруге күйеуі "тапсырыс берген" деп санайды.

Таңсәрінің жазуынша, кісі өлімі 13 қарашада Іле ауданында Қапшағай тас жолына жақын маңда адам аз жүретін жерде болған.

"13 қарашада күйеуі әйелі мен бір жасар қызын ертіп Қапшағай тас жолындағы "Магнум" дүкеніне азық-түлік алуға барған. Қайтар жолда ер адам дәрет сындырғысы келіп, жолдан 300-400 метр жерге барып тоқтаған. Ол қайтып келгенде әйелін өлтіріп кеткенін көрген. Бірден әйелінің анасына хабарласып, Светлананы өлтіріп кеткенін айтқан", – деп жазды НеМолчиKZ қорының негізін қалаушы.

Марқұмның ата-анасының айтуынша, оқиғаға куәгерлер мен сол маңдағы жолаушылар ер адамның оқиға орнынан кетуіне жол бермей, полиция мен жедел жәрдем шақырған. Ал көлік ішінен тоңазытқыш-сөмке мен балаға арналған тамақтың мол қоры табылған. Туыстары күйеу баласы кетуге дайындалған деп санайды. Оған жалғыз кедергі жұбайы Светлана болған.

Сондықтан да марқұмның туыстары әйелді кездейсоқ бір адамның өлтіріп кеткеніне сенбейді. Олардың айтуынша, ер адам үнемі әйеліне дөрекілік танытып, кішкентай қызын алып Ресейге кеткісі келетінін айтқан.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен екі ер адамның ұсталғанын хабарлап, кісі өлтіру фактісін растады. Істі департамент басшылығы өз бақылауына алды.

"Кісі өлімі ашылды. Екі азамат ұсталды, бірі 37 жастағы Е. және 34 жастағы М. деген азамат. Олар аса ауыр қылмыс жасағанын мойындады. Күдіктілер қамауға алынды", – делінген ведомство хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Бес рет қастандық жасалған: Алматы облысында кәсіпкерді өлтіріп кетті

Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзге деректер тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Қазақстандық қылмыстық заңнамаға сәйкес, күдіктілердің екеуі де мүлкі тәркіленіп немесе мүлкі тәркіленбестен 15 жылдан 20 жылға дейін сотталады. Тіпті, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

1526
Кілт сөздер:
кісі өлтіру, қайғылы оқиға
Тақырып бойынша
Үш кішкентай бала үйде жалғыз қалған: Көкшетауда қайғылы оқиға болды
Шамалғандағы қайғылы оқиға: зардап шеккендер туралы тың дерек шықты
Нұр-Сұлтанда полициядан көмек сұраған әйелді үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті      
Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті - оқиғаның мән-жайы
Үш адам мерт болды – Алматы облысындағы қайғылы оқиға туралы ақпарат жарияланды
Сенат депутаты

Ағылшын саяхатшысын таңғалдырған жер: депутат Қапал ауылының жағдайына алаңдады

0
Жұмағұлов жуырда Қапал, Ақсу елді мекендерінде болып қайтқанын айтты. Тұрғындармен кездесуде халық қасиетті Қапалдың жағдайын үкіметке жеткізуді өтінген

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Сенат депутаттары Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан өшпес тарихы бар Қапал ауылының қазіргі жағдайына алаңдап, оны үкіметтің қорғауындағы нысандар қатарына қосуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатор Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, 1847 жылы бекініс ретінде, Ресей империясының мүддесіне сай бой көтерген елді мекеннің тарихын тану, оны ХІХ ғасырдағы сәулет өнерінің мәдени  ескерткіші ретінде ұрпақтан ұрпаққа қалдырудың рухани мәні зор.

"Бұл өлке сонау Түркі дәуірінен, Қимақ мемлекеті тұсынан бері танымал, белгілі тарихи жер. Қапал – ұлтымыздың ұлы тұлғасы Шоқан Уәлихановтың, Петр Семенов-Тяньшанскийдің ізі қалған жер. Қапал – ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсонды таңғалдырған жер. Қапал – жоңғар шапқыншыларымен шайқаста ту көтерген Қапал батыр жатқан жер. Бұл туралы Уәлихановтың "Жоңғария очерктерінде" жазылған", - деді ол үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында. 

Жұмағұлов жуырда Қапал, Ақсу елді мекендерінде болып қайтқанын айтты. Тұрғындармен кездесуде халық қасиетті Қапалдың жағдайын үкіметке жеткізуді өтінген. 

"Сан ғасырлық тарихы бар Қапал ауылының бүгінгі жағдайы кімді болса да алаңдатпай қоймайды. XIX ғасырдың ескерткіші болып саналатын қос қабатты үйлердің бет жағы ғана аман қалған. Ескі екі мешіт үйі де қараусыз қалып, құлаған. Көп үйлердің ағаштарын жергілікті тұрғындар бұзып алып, қора-қопсы салып алғаны да жасырын емес. Ауылдың рухани орталығы болған Қапалдағы ақын Сара мен Фатима Ғабитованың музей үйлерінің де ізі жоқ. Ондағы құнды экспонаттар да жоғалған", - деп қапаланды сенатор.

Депутаттың пікірінше, атақты Жібек жолының бір бекеті, Қапал ауылы қай жағынан алсаң да Жетісудың туристік мекеніне айнала алады. Ол Қапалдағы тарихи ескерткіштердің қорғалмай, ескерусіз қалатынына алаңдады. 
Осыған байланысты сенат депутаттары сәулетшілер, тарихшылар, әдебиетшілер, этнографтардан тұратын арнайы комиссия құрып, Қапал ауылының мәдени-тарихи ескерткіштерін қорғау үшін тиісті шаралар қабылдауды, оларды үкіметтің қорғауындағы объектілер қатарына қосуды ұсынды.

 

0
Кілт сөздер:
ауыл, депутат