НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қосша елді мекенінде жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Желіде оқиға орнында түсірілген видео жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Кеше, 10 наурызда сағат 21.37-де №303 автобус өртенді. Жүргізуші "Алтын дала" аялдамасына жеткенде автобус датчиктерінің дұрыс жұмыс істемей жатқанын байқаған. Ол тоқтап, автобустың капотын ашқан, сол кезде өрт шыққан", - деп хабарлады City Transportation Systems (бұрынғы Астана LRT).
Жүргізуші алдымен өртті өзі сөндіре бастайды, кейін өрт сөндіру қызметін шақырған, деп нақтылады компания.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қаңтарда Нұр-Сұлтан әуежайының жанында жолаушылар автобусы өртенді. Көліктің артқы бөлігі өртеніп жатқан сәт видеоға түсірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртеніп жатыр - видео
Жолаушылар автобустары сапар алдында міндетті түрде мұқият техникалық тексерістен өтетіні хабарланды.
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде бірнеше адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаның видеосы тарады.
Роликтің астына: "Нұр-Сұлтан әкімдігі 8 наурызға орай көпбалалы аналарға 17 доллардан беріп жатыр", - деп жазылған.
Stopfake.kz порталы ол Қазақстанда түсірілмегенін хабарлады. Бұл онсыз да түсінікті еді, өйткені видеода адамдар не қазақша, не орысша сөйлемейді.
Кадрдан көпқабатты ғимараттың жоғарғы қабатындағы галереяда көптеген адам кептеліп қалғанын көруге болады. Таяныш қысымға шыдамай, сынып кетіп, бірнеше адам құлап кетеді.
Бұл видео Боливияда, Эль-Альто университетінде түсірілген. Трагедия студенттер жиналысқа бара жатқан кезде болған. Салдарынан бес адам көз жұмды, тағы үшеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан полициясы "қыздың елесі жүрген" ауылды тексерді – видео
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Аудандық өрт сөндіру қызметіне 5 наурыз, жұма күні хабар түсті. Оқиға орнына жеткен қызметкерлер төрт адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды "Ақ жайық".
Трагедия Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 1974, 1991 жылы туған ер адамдар мен 1977 жылғы әйел және 2016 жылы туған қыздың денесі табылғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар бөлімінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша иіс тиіп уланған.
Болған жағдайдың мән-жайы қосымша хабарланатын болады.
Еске сала кетсек, 19 ақпанда Жамбыл облысындағы Жаңатаста 3-қабаттағы пәтерде өрт шығып бес бала көз жұмған болатын. 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған екі ұл мен үш қыз ересектер қарауынсыз қалған.
Өрт салдарынан балалар иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді. Алайда аман алып қалу мүмкін болмады.
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Атыраулық полицейлер микрокредит ұйымының кеңсесіне қарақшылық жасады күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
5 наурыз күні сағат 10:45 шамасында "102" операторына Атырау қаласы Вокзал маңы ықшам ауданында орналасқан микрокредит ұйымының кассирі медициналық бетперде киген белгісіз біреудің 10:30 шамасында пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткені туралы хабарлама берген.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда екі жігіт банк тонамақ болды – видео
Полиция департаментінің қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 25 жастағы жігітті ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Қазіргі таңда Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабының 1-бөлігі (Қарақшылық) бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат заңға сәйкес жарияланбайды.