МиГ-35, архивтегі фото

Қарағанды ​​маңында әскери ұшақ құлады

163
(Жаңартылды 22:27 16.04.2020)
Әскери ұшқыштар тұрғындарға қауіп төндірмеу үшін  әуе кемесін жазық далаға қарай бұрған. Экипаж катапульта жасаған

ҚАРАҒАНДЫ, 16 сәуір – Sputnik. Қарағанды ​​маңында әскери ұшақ құлады, деп хабарлады елдің қорғаныс министрлігі.

Төтенше жағдай 16 сәуірде әскери кезекшілік атқаруға дайындалу барысында болды.

"Қарағанды ​​қаласының маңында Қазақстан Әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады", - делінген хабарламада.

Оқиға Қарағанды ​​аэродромының оңтүстігінде болған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін қозғалтқыштардың бірінен өрт шыққан.

Катапульталануға бұйрық алғаннан кейін әскери ұшқыштар ұшақты ауылдан алысқа, жазық далаға бағыттаған. Экипаж тұрғындарға қауіп төндірмейтініне көз жеткізгеннен кейін катапульта жасаған. Ұшқыштар аман.

Қорғаныс министрі апатты тергейтін комиссия тағайындады.

Оқиға орнына Қазақстан әскери-әуе күштерінің іздестіру-құтқару қызметі келді.

163
Кілт сөздер:
Қарағанды, ұшақ апаты
Тақырып бойынша
Алматыдағы апат: министрлік ұшақтың қалай құлағанын видео арқылы көрсетті
Bek Air ұшқышы Тоқаевтан көмек сұрады – видео
Алматы маңындағы ұшақ апаты: Bek Air қызметкерлері президенттен көмек сұрады
Ауғанстанда 83 жолаушы мінген ұшақ құлады
Bek Air әуе компаниясы рейстерді қай уақытқа дейін тоқтатқаны белгілі болды
Алматыдағы ұшақ апаты: әкім орынбасары қамауға алынды
Жедел жәрдем көлігі

Мүгедек ұлы үйде қалып қойған: Қостанай облысында қайғылы оқиға болды

650
Өрт кезінде үй иесінің 47 жастағы мүгедек ұлы үйдің түкпір бөлмесінде қалып қойған. Ер адам ауруханада есін жимастан көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысы Қарабалық ауданында жер үйден өрт шығып, ер адам қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 15 қаңтар Қарабалық ауылындағы Титов көшесінде болды. Өрт туралы хабар сағат 12:46-да келіп түскен.

ТЖМ ақпаратынша, 68 жастағы пәтер иесі кіреберіске жапсарлас орналасқан от жағу бөлмесінің жана бастағанын байқаған. Өрттен қорыққан әйел көршілерінен дереу көмек сұраған. Ал олар бірден 101 нөміріне қоңырау шалды.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен сәтте пештің жанындағы үй заттары өртеніп, 8 шаршы метр аумақта төбе плиталары жанып жатқан. Қалың түтін бүкіл үйге таралды.

Өрт кезінде үй иесінің 1974 жылы туған екінші топтағы мүгедек ұлы үйде қалып қойған. Құтқарушылар оны үйдің түкпір бөлмесінен алып шықты.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда полицейлер бір отбасы ұйықтап жатқан үйдің есігін бұзып кірді

"Ер адам түтінге уланғандықтан, тыныстауы қиындап жатқан күйде табылды. Құтқарушылар оны көшеге шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Алайда сағат 13:30-да ол есін жимастан орталық аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды", - деп мәлімдеді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.

Тілсіз жау сағат 14:04-те толығымен ауыздықталды. Өрттің шығу себебі – отты абайсыз қолдану.

Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімінің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмыс істеді.

ТЖ министрлігі күннің суытуына байланысты пеш жағу кезінде қауіпсіздікті сақтамау салдарынан өрттің жиілегенін хабарлады. Құтқарушылар жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, үй заттары мен жанғыш материалдарды отқа жақын орналастыруға тыйым салынатынын ескертті.

650
Кілт сөздер:
ер адам, өрт, Қостанай облысы
Тақырып бойынша
Көкшетаулық полицейлер 17 адамды өрттен құтқарды
Өрттен қашқан алматылық балконнан құлап кетті
Алматы көрінісі

Алматыда автобус ер адамды қағып кетті

1816
(Жаңартылды 10:54 17.01.2021)
Ер адам өте ауыр жағдайда  4-ші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Ол есін жинамастан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. Өткен түнде Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты Потатин көшесіндегі 4-ші қалалық клиникалық аурухана маңында болған. 118-ші автобус солтүстік бағытқа қарай қозғалды. Ал қарама-қарсы жақтан жедел жәрдем көлігі келе жатты. Ол алыстан көруге арналған жарығын қосып қойған. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінен түскен жарық салдарынан жаяу жүргіншіні көре алмай қалды.

Автобус сбил насмерть пешехода
© Sputnik / Стрингер
Оқиға орнында түсірілген сурет

1964 жылы туған ер адам өте ауыр жағдайда 4-ші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Ол есін жинамастан қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, ер адам зағип болған.

Жол апаты кезінде автобус паркке бара жатты, ішінде жолаушылар болған жоқ.

1816
Кілт сөздер:
жол апаты, Алматы
Тақырып бойынша
Алматылық бойжеткеннің біртүрлі әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр - видео
Бес адам көз жұмды: Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Нұр-Сұлтанда болған жағдайдан кейін автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды
Қарағанды маңындағы апатта зардап шеккен ұшқыштардың жағдайы белгілі болды
Бұрынғы "Әлем аруын" автобус қағып кетті – ауруханада қайтыс болды
Спутник V вакцинасы

Еуропалық басылым "Спутник V" вакцинасына қолдау білдірді

0
АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда Ресей ақша табуды көздеп отырған жоқ, деп жазды "Monde diplomatique"француз газеті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Ресей коронавирус пандемиясын бәсеңдетуге қабілетті препарат әзірледі. Батыс ресейлік ғылымды қаралаудан танар емес, деп жазды "Monde diplomatique"француз газетінің Испаниядағы өкілдігі.  

Мақала авторы Федерико Кусконың пікірінше, Батыс орыстың ғылыми дәстүрін білмегендіктен, "Спутник V" вакцинасына немқұрайлы қарап, сенбеді.

"Тілдік, мәдени пен саяси айырмашылықтан туындаған бұл білімсіздік ресейлік бастамаға күдікпен қарауға себеп болып отыр", - деді журналист.  

Ол препаратты әзірлеу Ресейдегі ғылыми дамудың бүкіл тарихи тізбегінің нәтижесі екенін баса айтты. Алайда, оның пікірінше, батыстықтар көп жыл бойы Ресейдің ғылыми жетістіктерін жоққа шығарып келді де, енді вакцина ойлап табу туралы хабарландыруға таңғалуда.

"Фармацевтикалық зертханалары дәрі-дәрмекке удай қымбат баға белгілейтін АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда Ресей ақша табуды көздеп отырған жоқ", - деді Куско.

Кусконың пікірінше, шамамен 50 жыл өткен соң қазір әлемнің түрлі еліне таралып жатқан "Спутник V" вакцинасына қатысты күдік ешкімнің есіне түспейді.

 

0
Тақырып бойынша
Тоқаевтың көмекшісі коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды
2021 жылы коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталады
Министрлік отандық вакцинаға уақытша тіркеу куәлігін берді
Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр
Ресейде коронавирустан жаппай вакцинациялау басталғалы жатыр