АЛМАТЫ, 17 сәуір –Sputnik. Төтенше жағдай 16 сәуірде кешке Қарағанды аэродромының оңтүстігінде болды. Ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін қозғалтқыштардың бірінен өрт шыққан. Әуе апатының видеосы Instagram, Telegram желісінде жарияланып жатыр.
Мәселен, @e.karaganda Instagram-парақшасында әуе апатының бірнеше видеосы жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сонымен қатар ұшақтың құлаған сәтінің видеосын @kris_p_kz, @rozysk.kz., @Jexen News сияқты танымал Instagram-парақшалар жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қозғалтқыш өртене бастаған кезде ұшқыштар ұшақты елді мекеннен бүрып, жазық далаға бағыттаған. Экипаж тұрғындарға қауіп төндірмейтініне көз жеткізгеннен кейін катапульта жасаған. Қазақстандықтар осы сәтті де видеоға түсіріп алыпты.
Зардап шеккендердің бірінің жағдайы қанағаттанарлық, екінші әскери орташа ауыр жағдайда жатыр. Тірек-қимыл жүйесінің жарақаттары, мидың шайқалуы, жеңіл дәрежедегі күйік бар. Ұшқыштар қажетті ем алып жатыр.
Өз кезегінде Facebook пайдаланушысы Владимир Северный зардап шеккен ұшқыштармен таныс болғанын мәлімдеді.
"Офицерлер Иван Гаврилко мен Арман Құрманғалиевті танимын. Подполковник Арман Құрманғалиев жоғары дәрежелі штурман. Кәсіби маман. Өзіне де, қоластындағыларға да талапшыл. Барлығын дұрыс істеді. Басшының бұйрығы бойынша, ұшақты үйлерден алыс жаққа әкетіп, катапульта жасады", - деп жазды ол.
Қорғаныс министрі әуе апатын тексеру жөніндегі комиссия тағайындады. Комиссия жұмысына кірісіп, ұшақтың апатқа ұшырауының ықтимал себептерін атады. Оның ішінде әуеде ұшақтың істемей қалуы және сыртқы факторлардың әсері, адам факторы да қаралады.
Айта кету керек, Қазақстанда МиГ-31 ұшақтарының ұшуы тоқтатылды. Олар әуе апатының қорытындысы шығарылғаннан кейін қайта ұшатын болады.
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысы Қарабалық ауданында жер үйден өрт шығып, ер адам қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай 15 қаңтар Қарабалық ауылындағы Титов көшесінде болды. Өрт туралы хабар сағат 12:46-да келіп түскен.
ТЖМ ақпаратынша, 68 жастағы пәтер иесі кіреберіске жапсарлас орналасқан от жағу бөлмесінің жана бастағанын байқаған. Өрттен қорыққан әйел көршілерінен дереу көмек сұраған. Ал олар бірден 101 нөміріне қоңырау шалды.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен сәтте пештің жанындағы үй заттары өртеніп, 8 шаршы метр аумақта төбе плиталары жанып жатқан. Қалың түтін бүкіл үйге таралды.
Өрт кезінде үй иесінің 1974 жылы туған екінші топтағы мүгедек ұлы үйде қалып қойған. Құтқарушылар оны үйдің түкпір бөлмесінен алып шықты.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда полицейлер бір отбасы ұйықтап жатқан үйдің есігін бұзып кірді
"Ер адам түтінге уланғандықтан, тыныстауы қиындап жатқан күйде табылды. Құтқарушылар оны көшеге шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Алайда сағат 13:30-да ол есін жимастан орталық аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды", - деп мәлімдеді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.
Тілсіз жау сағат 14:04-те толығымен ауыздықталды. Өрттің шығу себебі – отты абайсыз қолдану.
Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімінің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмыс істеді.
ТЖ министрлігі күннің суытуына байланысты пеш жағу кезінде қауіпсіздікті сақтамау салдарынан өрттің жиілегенін хабарлады. Құтқарушылар жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, үй заттары мен жанғыш материалдарды отқа жақын орналастыруға тыйым салынатынын ескертті.
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. Өткен түнде Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жол апаты Потатин көшесіндегі 4-ші қалалық клиникалық аурухана маңында болған. 118-ші автобус солтүстік бағытқа қарай қозғалды. Ал қарама-қарсы жақтан жедел жәрдем көлігі келе жатты. Ол алыстан көруге арналған жарығын қосып қойған. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінен түскен жарық салдарынан жаяу жүргіншіні көре алмай қалды.
1964 жылы туған ер адам өте ауыр жағдайда 4-ші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Ол есін жинамастан қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, ер адам зағип болған.
Жол апаты кезінде автобус паркке бара жатты, ішінде жолаушылар болған жоқ.
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Павлодар облысында екі басқарма біріктіріліп, жаңа басқармалар құрылды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен индустриялық-инновациялық даму басқармасы біріктірілді.
"Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Павлодар облысының бизнес, өнеркәсіп және инновациялар мәселелеріне бақылау жасайды", - делінген хабарламада.
Өңірде цифрландыруды дамытумен айналысатын цифрлық технологиялар басқармасы жеке құрылымға шығарылды.
Ауыл шаруашылығы басқармасында да өзгеріс болды. Бұрын бұл ведомство ветеринарияға да жауапты болса, енді онымен ветеринария басқармасы айналысады. Сонымен қатар Павлодар облысында дін істері басқармасы қайта құрылды.
Оқи отырыңыз: 2021 жылы Нұр-Сұлтанда не өзгереді
Басқарма құрылымдары бекітілді. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады. Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды.