Оқиға

Маңғыстаудағы ауылда жаңа туған сәбидің денесі табылды

© Photo : pixabay.comСәбидің қолы, иллюстративті сурет
Сәбидің қолы, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нәрестенің денесін Мұнайлы ауданы Атамекен ауылының тұрғындары тапқан, сот-медициналық сараптама белгіленді

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысының полицейлері сәби денесінің табылу дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.

Полицияға нәрестенің денесі табылғаны туралы Атамекен ауылының тұрғындары хабар берген, деп хабарлайды lada.kz порталы.

Ақпарат Мұнайлы ауданы полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне 3 мамыр кешке түскен.

"Оқиға орнына полиция департаментінің жедел тергеу тобы аттанды. Қазіргі таңда сәбидің анасын анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: Басына пакет кигізген: қоқыстан табылған сәби өліміне қатысты тың дерек шықты

Тергеу аясында сот-медициналық сараптама белгіленді. Оның қорытындысы бойынша нәрестенің неден көз жұмғаны анықталады.

Жаңалықтар
0