Оқиға

Шығыс Қазақстанда ірі өрт болды - видео

© Sputnik / СтрингерОгонь уничтожил ларек и две машины в мкр. "Аксай-4"
Огонь уничтожил ларек и две машины в мкр. Аксай-4 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы жергілікті демалыс аймағында үш үй, жақын маңдағы аумақ пен орман отқа оранды

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Бұқтырма су қоймасы жағалауында өрт шықты. "Яры" демалыс базасы отқа оранды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті жалын үш үй (адамдар тұрмайды) мен орманды шарпығанын хабарлады.

Төтенше оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, орманшылар мен жергілікті тұрғындар жетті. Жалпы саны - 21 адам.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Ірі өрттің видеосы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Еске сала кетсек, 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында "Семей орманы" резерватында ірі өрт шықты. Жалын мемлекеттік орман қорының аумағын да шарпыды.
Құтқарушылар өртті 25 сәуір күні ауыздықтады. 3 948 гектар аумақ отқа оранды.
Жаңалықтар
0