Терминал, архивтегі фото

Талдықорғанда ер адам төлем терминалын ұрлап кетті видео

184
(Жаңартылды 15:02 22.05.2020)
Күдіктіден ұрланған терминал мен сол аппараттан шыққан ақшаның бір бөлігі – 200 жүз мың теңге тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Талдықорғанда ер адам ойын-сауық орталықтарының бірінде тұрған төлем терминалын ұрлап кеткен. Қаскөй ішіндегі ақшаның бір бөлігін пайдасына жаратып үлгеріпті.

Талдықорған қаласының Шығыс қалалық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне төлем терминалының ұрланғаны туралы хабар 20 мамыр күні түскен, деп хабарлады Polisia.kz.

"Қылмыстың ізін суытпай Сарқан ауданының 31 жастағы тұрғынын ұстадық. Күдіктіден ұрланған терминал мен сол аппараттан шыққан ақшаның бір бөлігі – 200 жүз мың теңге тәркіленді. Күдікті ұрлық жасағанын толық мойындады. Терминалды жалғыз өзі далаға шығарып, таксиге тиеп алып, жалдамалы пәтеріне алып барған", – дейді қалалық полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.

Қылмыскер такси жүргізушісіне терминалдың өз меншігі екенін және оны басқа жерге жеткізу керек болғанын айтқан.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында қылмыстық топ құрықталды

"Жалдамалы пәтерде қолда бар құралдарын пайдаланып, терминалдың ақша салынған бөлігін сындырған. Ішінен шыққан ақшаның көп бөлігін қажетіне жұмсап үлгеріпті. Қалғанын біз тәркіледік", – деп жалғастырды басқарма басшысы.

Қолға түскен тұрғын 2012 жылы да қарақшылық жасағаны үшін сотты болған екен. ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изолияторына қамауға алынды. Енді ол бүлінген терминалды және одан ұрланған ақшаны өтеуі қажет.

184
Кілт сөздер:
видео, ұрлық, Талдықорған
Тақырып бойынша
40 минут ішінде 3 дүкенді тонаған: Қарағандыда әккі ұрылар іздестіріліп жатыр – видео
Ордабасы тұрғыны көшеде келе жатып, ұрланған көлігін танып қойды  
Белгісіз біреулер 13 миллион теңгені ұрлау үшін Нұр-Сұлтан тұрғынын аңдыған
Талдықорғанда екі жігіт аса қауіпті қылмыскерді ұстады
Ақтөбе тұрғыны ерекше тәсілмен ұрлық жасады
Бектас-Қоныс кен орнында өрт шығып, үш адам қаза болды

Қызылорда облысында қайғылы оқиға болды - үш адамның мәйіті табылды

2449
(Жаңартылды 13:08 01.12.2020)
Төтенше оқиға "Бектас-Қоныс" кен орнында болды, өрт шыққан контейнер типті жатақханада отыз адам тұрып жатқан

АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда облысы Сырдария ауданында "Бектас-Қоныс" кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы қаза болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

1 желтоқсанда сағат 01.34-те "Қызылорда-Құмкөл" тас жолының 108 шақырымында "Бектас-Қоныс" кен орнында жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақханада өрт шыққан. От шарпыған жердің аумағы – 1450 шаршы метр.

На месторождении  Бектас-Коныс произошел пожар, погибли трое рабочих
© Photo : Пресс-служба министерства по чрезвычайным ситуациям
"Бектас-Қоныс" кен орнында өрт шығып, үш адам қаза болды

Жатақхананың жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Аумақта 100 контейнер орналасқан, оның 48-і өртенді.

Өрт сағат 06.40-та толық сөндірілді.

"Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар 1967, 1985, 1970 жылы туған жұмысшылар. Ол жерде барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі өрт шыққан жерден 19 шақырым  жердегі асханаға орналастырылды", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, "ПОЖМонтажҚұрылыс" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, "ПетроҚазақстанҚұмкөлРесурсы" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

На месторождении  Бектас-Коныс произошел пожар, погибли трое рабочих
© Photo : Пресс-служба министерства по чрезвычайным ситуациям
"Бектас-Қоныс" кен орнында өрт шығып, үш адам қаза болды
2449
Кілт сөздер:
мәйіт, Қызылорда облысы
 Архивтегі фото

Шығыс Қазақстанда екі адам тірідей өртеніп кетті

447
Өртенген үйден өрт сөндірушілер 1948 жылы туған ерлі-зайыптының денесін тапты. Жалын 70 шаршы метрді аумаққа шарпыған

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында егде жастағы ер адам мен әйел өз үйінде өрттен көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша өртке сөндірілмеген темекі себеп болған, деп хабарлады өңірдің ТЖД.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Белоусовка елді мекеніндегі Мир көшесінде орналасқан жеке үйден өрт шыққаны туралы ақпарат дүйсенбі күні таңертең түскен.

Құтқару бөлімшелері келген кезде төбе жабыны, қабырға, жиһаз, тұрмыстық техника және жеке заттар жанып жатқанын көрген. Өртеніп жатқан үйден өрт сөндірушілер 1948 жылы туған ер адам мен оның өзімен жасты әйелінің мәйітін тапты.

Таразда ер адам әжесі мен әкесін құтқарамын деп өзі де көз жұмды

Құтқарушылар үйден екі газ баллонын шығарды. Өртті жеке құрамның тоғыз адамы мен бес арнайы техника сөндірді. Жалын 70 шаршы метрді аумаққа шарпыған.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт сөндірілмеген темекіден шыққан, деп атап өтті ТЖД.

Ведомство жыл басынан бері жеке тұрғын үй секторында өрттен 46 адам көз жұмғанын хабарлады. Қайғылы оқиғаларға көбіне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болады.

447
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, зейнеткер, өрт
Тақырып бойынша
Өрттен қашқан алматылық балконнан құлап кетті
Министр өңірлерде неге өрт жиілегенін айтты 
Алматыда базар өртенді – видео
Талғарда жеке тұрғын үйде үш адам көз жұмды
Нұр-Сұлтанда дәмханада қайтыс болған адамның отбасына 1 млн теңге төленеді
Бердібек Сапарбаев

Сапарбаев Қазан қаласына 20 млн теңгеге ұшып барғаны рас па әкім жауабы

130
Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсіне 20,7 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан — Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазан қаласына чартерлік рейспен барды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

"Бұқаралық ақпарат құралдарында Жамбыл облысының әкімдігі Тараз-Қазан рейсінің VIP ұшағына 20 миллион теңге бөлді деген ақпарат жарияланды. Бұл шындыққа жанаспайды. Әкім мемлекет қаражатына чартерлік рейспен ұшпайды. Қиын жағдай болып, дәрігер жетіспеген кезде Қазан қаласының дәрігерлерін шақырдық. Қаражат оларды елге алып келуге жұмсалды", - деді Сапарбаев баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсіне 20,7 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланды.

"Чартермен кім ұшады? Татар халқымен достықты нығайту үшін әкім бара ма? Әлде науқас балаларды емдеуге жібере ме? Мүмкін тәжірибе жинақтау үшін қазақстандық дәрігерлер ұшатын шығар?", - деп жазды автор.

Әкімдік Қазан-Тараз-Қазан рейсі татарстандық дәрігерлердің Қазақстанға келуіне арналғанын айтқан болатын. Олар COVID-19 және пневмонияны емдеуде тәжірибе бөлісіп, медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесті.

130
Тақырып бойынша
"Ақша қайда кетіп жатыр?": Елбасы халықтың көкейінде жүрген сұраққа жауап берді
"Айына 100 миллион табады": карантин пайдасын кімдер көріп отыр
"Бұл қорлау ғой": Сапарбаев қазақстандық әншілерді сынға алды
"Қалай тыныш ұйықтайтынын түсінбеймін": Сапарбаев әкімдерге неге шүйлікті
Сапарбаев Қасқабұлақтағы жағдай туралы: Мұның бәрі ісі жоқтықтан болады