Өңірлер

Алматыда жолда келе жатқан көлік аударылып кетті – видео

© Sputnik / Стрингер"Мерседес" опрокинулся на крышу
Мерседес опрокинулся на крышу  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Mercedes Benz GLE алдындағы көлікті басып озу кезінде жол апатын жасады, оқиға салдарынан бес адам жарақат алды

АЛМАТЫ, 30 мамыр – Sputnik. Сенбіге қараған түні Алматының Достық даңғылында жол талғамайтын көлік пен жеңіл көлік апатқа ұшырады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары.

Жүргізушілер мен куәгерлердің айтуынша, Hyundai Solaris пен Mercedes Benz GLE Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытта бірінің артынан бірі келе жатқан. Hyundai Solaris жүргізушісі айтқандай, Mercedes өткізіп жібер деп шам жарығымен белгі берген.  Hyundai сәл оңға қарай ығыса бергенде, Mercedes бірден басып озып, Hyundai-ды бар жылдамдықпен қағып өтіп, аударылып қалған.

© Sputnik / СтрингерHyundai Solaris көлігі апатқа ұшырады
Алматыда жолда келе жатқан көлік аударылып кетті – видео - Sputnik Қазақстан
Hyundai Solaris көлігі апатқа ұшырады

Жол апаты салдарынан бес адам жарақат алды – Mercedes жүргізушісі мен үш жолаушысы және Hyundai жолаушысы. Дәрігерлер қарап шыққаннан кейін барлығы ауруханаға жатудан бас тартты.  

Жаңалықтар
0