Алматы қаласы

Алматы тұрғыны екі адамды құтқарды - оқиға орнында түсірілген видео

1252
(Жаңартылды 18:23 01.06.2020)
1414 колл орталығының видеооператоры жұмысшыларды құтқару үшін мұрнын дымқыл орамалмен жауып құдыққа түскен. Тағы бір тұрғын көмекке келді

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым — Sputnik. Алматыда канализациялық люкте екі жұмысшы тұншығып қала жаздады. Оларды Наурызбай ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Ержан Әбдіразақов құтқарды.

Болған жағдай туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының атқарушы директоры Мұрат Жұманбай айтты.

Facebook-тегі видеода зардап шеккендердің жағдайы көрсетілген. "Дем ал! Ұйықтама!" – дейді көмек көрсетіп жатқан адамдар. 

1414 колл орталығының видеооператоры люктің маңында адамдар жиналғанын көрген. Құдықта екі ер адам болған.

Полицейлер төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін шақырған. Алайда Әбдіразақов бірден әрекет ету туралы шешім қабылдады.

"Екеуі де есінен танып қалған. Олардың бірі "Алматы Судың" киімінде болды. Мен құдыққа түсіп-түспеу туралы мүлдем ойлаған жоқпын. Ол кезде адамдарды құтқару керек деген бір ғана ой болды", - дейді халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері.

Мұрат Жұманбай қызметкер жейдесін шешіп, жанында тұрған әйел берген дымқыл орамалмен аузын жауып, құдыққа түскенін айтты.

"Тағы бір ер адам көмекке келіп, бірге түсті. Жедел жәрдем бригадасы келген кезде екі жұмысшы да құдықтан шығарылды. Есін жиған жоқ, бірақ тыныс алып жатты", - деді Жұманбай.

Ержан Әбдіразақов "Азаматтарға арналға үкіметте" 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Үш баланың әкесі. Басшылық қызметкерге тиісті марапат жасауды жоспарлап отыр.

1252
Кілт сөздер:
Алматы, адам, құтқару, видео
Тақырып бойынша
Қостанайда жедел жәрдем дәрігерлері екі баланы өрттен құтқарды
Ақтөбе облысында ер адам өртеніп жатқан үйден жеті адамды құтқарды
Алматыда екі полицейдің өмірін қиған апаттың куәгері: жедел жәрдем кеш келді
Алматыда жолда келе жатқан көлік аударылып кетті – видео
Қостанайда ер адам терезеден құлай жаздаған баланы құтқарды – видео
Зират маңындағы үйлер

Ақтауда жерлеуден 3 сағат өткен соң марқұмның денесін қабірден қазып алды

7796
(Жаңартылды 17:14 28.09.2021)
Осы уақытқа дейін ол бірнеше рет прокуратураға арыз жазған. Ал Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі іс бойынша нақты ақпарат алу үшін арнайы сұранысхат жіберу қажет екенін жеткізді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Ақтау тұрғыны немере ағасының мәйіті заңсыз эксгумацияланғанын айтты. Оның сөзінше, салттық қызмет көрсететін агенттік қызметкері марқұм болған ағасының қабірін қазып, денесін басқа зиратқа жерлеген. Енді Юрий Коновалов кінәлілер жауапкершіліктен құтылып кетеді деп қорқып отыр.

Бұл туралы жергілікті "Лада" басылымы жазды.

Келеңсіз жағдай 2020 жылдың 15 шілдесінде болған. Сол күні Юрий Коновалов немере ағасы Олег Романовты оның анасы Тамара Романованың бейітінің жанына жерлеген.

"Немере ағамның қайтыс болғанын оның отбасына, Бакуде тұратын ұлдарға хабарладым. Олардан жерлеу құқығы туралы нотариус растаған құжат алғаннан кейін жерлеуді ұйымдастыра бастадым. Марқұмды жерлеу үшін екі қалалық агенттікке жүгіндім. Сол аралықта Мәскеуде тұратын әпкем Ирина Хасанова немере ағам үшін жерлеу орнын қаладан тыс жерде орналасқан жаңа зиратта дайындап қойғанын білдім. Әрине, мен бұған келіспедім, себебі ұлы қалалық зираттағы анасының жанында жерленуі керек", - дейді ол.

Айтуынша, өзі әпкесімен жеті жылдан бері араласпайды. Ал оның немере ағасына арнап зират дайындағаны ақтаулықты таңғалдырған. Содан кейін қабір қазу бойынша бригада жалдаған.

"Мәйітханада марқұмның жерлеуге ресми құжат алғаннан кейін, сол бригадамен бірге зиратқа келдім. Осылайша 2020 жылдың 15 шілдесінде жерледік. Содан үш сағат өткен соң зират директоры маған хабарласып, ағамның қабірі қайта қазылғанын айтты. Осы жерге келген соң жерлеу орнына төселген тас жоқ екенін, ал қабір үсті құмға толғанын көрдім. Сол жерден кетпей тұрғанымда зират қызметкері не болғанын айтты. Ол жерлеу агенттігінің қызметкерлері марқұмның денесін алып, зираттан тыс жерге шығарғанын жеткізді", - дейді Юрий Коновалов.

Ер адам бірден Ақтау прокуратурасына арыз жазған. Мәйітті заңсыз эксгумациялау фактісі бойынша қылмыстық кодексінің 314-бабының 1-бөлігі ("өлген адамның мәйітін және олар жерленген орындарын қорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Содан кейін қылмыс дерегі бойынша қажетті тергеу жүргізілген.

Коновалов тергеу барысында салттық қызмет көрсететін агенттік директорының нұсқауы бойынша Романовтың бейіті қазылып, мәйіті Ақтау маңында орналасқан зиратқа қайта жерленгені анықталғанын айтты.

"Мені шатастыру мақсатында ағамды бірінші жерлеген жерге агенттік директорының нұсқауы бойынша крест орнатылған. Осылайша қайтыс болған адамның денесі осы жерде деп көрсеткісі келген. Салттық қызмет көрсететін агенттік директорының іс-әрекеттері ешқандай логика мен моральдық ережеге сай емес. Оның не себепті осылай істегенін әлі күнге дейін түсінбедім", - дейді ол.

Енді Юрий Коновалов күдіктілер жауапкершіліктен құтылып кетеді деп қорқып отыр.

"Содан бері бір жыл өтті, іс орнынан қозғалған жоқ. Істің сыбайлас жемқорлыққа байланысты тоқтап тұрғанына сенімдімін. Қылмысқа қатысы бар адамдар анықталды, куәгер бар. Бірақ іс бір жылдан астам уақыт бойы сотқа тапсырылмады. Тергеу бір орнында тұр, тіпті істі жапқысы келеді", - деп жанайқайын жеткізді ер адам.

Айтуынша, осы уақытқа дейін ол бірнеше рет прокуратураға арыз жазған. Ал Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі іс бойынша нақты ақпарат алу үшін арнайы сұранысхат жіберу қажет екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз: 

7796
Кілт сөздер:
зират, Ақтау
Тақырып бойынша
Зират басына барған шымкенттіктер жаға ұстарлық жағдайға тап болды – видео
Солтүстік Қазақстанда оқушы-вандалдар зират ескерткіштерін қиратты
Құлпытаста QR-код болады: мүфтият зират көтеру мәдениетін бір жүйеге келтірмек - видео
Зиратта арнайы жерлер бөлінді – кімдер жерленеді
Індеттен көз жұмғандар жерленген зиратта 32 қабір бар – әкімдік жағдайды түсіндірді
шатыр, архив сурет

Павлодарда балалар жаттығатын ғимараттың төбесі опырылып ортасына түсті - видео

556
(Жаңартылды 18:27 28.09.2021)
Желіде пайда болған видео астына тұрғындар "балаларды құдай сақтаған", "ол жерде жуықта жөндеу жасалып еді ғой" деген пікірлер жазып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда "Батыр" спорт мектебінің шатыры құлады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Төтенше жағдай бүгін сағат 10:05-те болған.

Шатыры опырылып түскен ғимараттың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

Видео астына тұрғындар "балаларды құдай сақтаған", "ол жерде жуықта жөндеу жасалып еді ғой" деген пікірлер жазып жатыр.

Өңірлік туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтың айтуынша, Катаев көшесінде орналасқан "Батыр" бокс залының шатыры құлап түскен.

"Зардап шеккендер жоқ. Залда ешкім болған жоқ. Таңертең жаттығу болды, шатырдың құлағанын естіген сәтте балалар жедел эвакуацияланды", - деді ол.

Мектепте директор мен вахтер болған. Екі плитаның құлағаны белгілі. Оның не себепті құлағанын анықтау бойынша комиссия құрылды.

Ғимарат 1984 жылы пайдалануға берілген.

Қазір ғимаратты полиция қоршап, анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: 

556
Кілт сөздер:
шатыр, мектеп, Павлодар облысы
Тақырып бойынша
Есік-терезе сынып, шатыр құлады: әскери бөлімдегі жарылыстан бүлінген нысандар – фото
Астанада дүкенге шатыр арқылы түскен ұры бақылау камерасына түсіп қалды
Қатты боран салдарынан Хан Шатыр сауда орталығына зиян келді
Шатыр ұшып, көлікті басып қалды: дүлей дауыл шымкенттіктердің дегбірін қашырды – видео
Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Есеп комитетінің басшысы 2022 жылы шығындарды төрттен бірге қысқартуды ұсынды

0
Келесі жылдың бюджет жобасында басым бағыттар бойынша 1,2 триллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Мемлекет басшысына 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Наталья Годунованың мәліметіне сәйкес 9 басым бағыт бойынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Есеп комитеті жұмсалатын 1,16 триллион теңгені, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынды. Бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілік айтылды. Тиісті органдарға оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар Есеп комитетінің төрағасы жекелеген аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:

0