Оқиға

Алматы, Талдықорған мен Текеліде жер сілкінді

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Талдықорған тұрғындары 4 баллдық жерасты дүмпуін сезді. Ал Алматыда 2 балл шамасында болды деп хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Алматы облысында таңертең, 6 маусым күні жер сілкінісі болды. Магнитудасы - 6.2.

Алматы облысындағы Талдықорған, Текелі, Қарабұлақта тұрғындар 4 баллдық жерасты дүмпулерін сезді. Ал Қапалда - 2-3 балл, Алматыда 2 балл шамасында болды.

Сейсмикалық стансалар желісінің мәліметіне сәйкес, зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 244 шақырымда болған (Қазақстан аумағы).

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.2. Магнитудасы - MPV 6.2. Тереңдігі - 25 километр.

Тағы оқыңыз: "Жарылыс деп ойладық": Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша жергілікті атқарушы органдар, полиция, прокуратура департаменттері, және өзге ұйымдарға хабарланған. Қираған ғимараттар мен зардап шегіп, қаза болғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Жаңалықтар
0