Оқиға

Ер адам қызы мен күйеу баласын өлтірді - жантүршігерлік қылмыстың мән-жайы

© Photo : pixabay/Jason Gillman Ружье
Ружье - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам отбасында шыққан жанжалдан кейін 33 жастағы күйеу баласы мен 41 жастағы қызын атып өлтірген еді

АЛМАТЫ, 9 маусым – Sputnik. Алматыда әкесі атып өлтірген әйел жүктіліктің сегізінші айында болған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматының құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.

Алматы полициясы Түрксіб ауданында ерлі-зайыптыны өлтіру фактісі бойынша тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Оқиға орнында жұмыс істеген полицейлердің ақпаратына сәйкес, көршілері отбасының тұрмысы жақсы болғанын, ешкімнің ішімдік ішпегенін айтқан. Алайда олар отбасы мүшелерінің жиі жанжалдасатынын байқап жүрген.

"Көз жұмған әйел жүктіліктің сегізінші айында болған. Өлімге алып келген жанжалдың неден туындағаны егжей-тегжейлі кейінірек анықталады. Алайда әйелдің әкесі мен күйеуінің арасындағы қарым-қатынас аса жақсы болмаған", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Оның айтуынша, трагедия кезінде үйде тағы бір әйел болған, ол – қылмыс жасаған ер адамның екінші әйелі. Бірақ ол зардап шеккен жоқ. Қылмысқа бармас бұрын ер адам оны үйден қуып жіберген.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдай бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, 8 маусымда Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы үйлердің бірінде 69 жастағы ер адам отбасында шыққан жанжалдан кейін 33 жастағы күйеу баласы мен 41 жастағы қызын атып өлтірді. Осыдан кейін ол өзіне қол жұмсады.

Полиция қызметкерлері қарудың қылмыс жасаған ер адамның атына ресми түрде тіркелгенін анықтады.

Жаңалықтар
0