Оқиға

Нұр-Сұлтанда ГАЗель жарылды – видео

© Sputnik / СтрингерРазыскиваемая после вооруженного инцидента "ГАЗель" обнаружена на базе в Жетысуском районе
Разыскиваемая после вооруженного инцидента ГАЗель обнаружена на базе в Жетысуском районе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша, газ жабдығының жарылуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған   

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Елордада Алаш тас жолында ГАЗель маркалы автокөлік жарылды. Оқи орнына Нұр-Сұлтан төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері аттанды.

Оқыс жағдай сәрсенбі күндіз болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар газ баллон жабдығы орнатылған "Газель" автокөлігінің жанып жатқанын анықтады, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

"Өрт салдарынан автокөлікке орнатылған газ жабдығы жарылды. Жалын сағат 12:21-де оқшауланып, 12:26-да сөндірілді", - деп хабарлады ТЖД.

Батыр – Қызылтөбе жолында екі көлік соқтығысып, біреуі жарылды - видео

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Өртті сөндіруге департамент жеке құрамының тоғыз адамы мен екі техника жұмылдырылды.

Жаңалықтар
0