Өңірлер

Желіде Ақшұқыр ауылын аралап жүрген арыстанның видеосы тарады

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуЛьвица в зоопарке, архивное фото
Львица в зоопарке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде арыстан дін аман және ол арнайы торға қамалды. Жыртқыш аңның аймаққа қайдан келгені анықталу үстінде

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Жергілікті полицияның кезекші бөліміне  қала маңындағы Ақшұқыр ауылында арыстан жүргені туралы хабар келіп түсті. Қазіргі кезде жыртқыш аңды мамандар торға қамады, деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның кезекші бөліміне Ақшұқыр ауылында арыстан жүргені туралы хабар 25 маусым күні шамамен 05:30-да түскен.

"Хабар түскен бойда полиция департаментінің басшылығы мен жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері, табиғат қорғау инспекторлары және патрульдік полиция батальонының өкілдері оқиға орнына келді. Қазіргі кезде арыстан дін аман және ол арнайы торға қамалды. Жыртқыш аңның аймаққа қайдан келгені анықталу үстінде", - делінген хабарламада. 
Жаңалықтар
0