Шабуыл жасау, иллюстративті фото

"Әйелді жұмысынан алып кеткен": Қарағанды жолында болған сұмдықтың мән-жайы анықталды

2368
(Жаңартылды 14:29 15.07.2020)
Күдікті бұрынғы әйелін қала сыртына алып кетіп жарақаттап, оны жол бойына тастап кеткен. Сол маңнан өтіп бара жатқан жүргізушілер полиция мен жедел жәрдем шақырған

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Астана тұрғыны бұрынғы жұбайына шабуыл жасап, сегіз рет пышақтаған. Әйел аман қалып, қазір ауруханада жатыр. Бұл жайында "НеМолчиKZ" зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету қорының жетекшісі Дина Смайылова (Таңсәрі) хабарлады.

Оның айтуынша, зардап шегуші ер адамның алдымен оны алыс жерге апарып, көлік ішіне қамап, соққы жасай бастағанын айтқан. Содан кейін оны жол бойына тастап кеткен.

"Ол бұрынғы әйелінің жұмысына барып, сыртқа шығуын бірнеше рет талап еткен. Ал әйел әріптестерінің алдында өзін ыңғайсыз сезініп, көшеге шыққан. Оны көлікке күштеп отырғызып, алып кеткен. Қарағанды тас жолында ол әйелді ұра бастайды, әйел қарсылық көрсетіп, көліктің терезесін сындыруға тырысады. Содан ер адам әйелге пышақ сұға бастайды, көлікті тоқтатып, сегіз рет пышақ жарақатын салған. Жарақат салғаннан кейін басқа көліктердің тоқтап жатқанын көріп, әйелді жолда тастап кетіп, жасырынып қалған", – деп жазды Смайылова Facebook парақшасында зардап шеккен әйелдің сөзіне сілтеме жасап.

Оқиға орнынан өтіп бара жатқан жүргізушілер полиция мен жедел жәрдем шақырған. Әйел ауруханаға жеткізілді.

Смайылованың айтуынша, тергеушілер әйелге қысым көрсетіп, жарақатының қорқынышты емес екенін айтқан. "НеМолчиKZ" басшысының айтуынша, оны ауруханадан тікелей жауап алуға алып кеткен.

Сонымен қатар ол полиция департаментінің басшысына болған оқиғаны анықтауды сұрап, істі қайта саралауды және тергеушіге қатысты шара қолдануды талап етті.

Кейін Смайылова полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденовтің жауабын жариялады. Ол істі жеке бақылауына алғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: "Пакетпен қылқындырған": Шымкентте әлдекімдер екі баланың анасына шабуыл жасады

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлімі ("қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") , 99-бабы 1-бөлімі ("адам өлтіруге оқталу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жәбірленушінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды", – деп атап өтті Сәденов.

Сондай-ақ, қызметкерлердің кәсібилікке жат әрекеттері тексеріледі.

2368
Кілт сөздер:
адам құқығы, құқық бұзу
Тақырып бойынша
Таксистке шабуыл жасаған жолаушы әйел видеоға түсіп қалды
Қордайда полицейлерге шабуыл жасаған ағайынды 3 жігіт қамауға алынды
Батыс Қазақстанда шенеунікке не үшін шабуыл жасалды?
Мойнына арқан салып, ақша талап етті: Қостанайда такси жүргізушісіне шабуыл жасалды
Қарағандыда инкассаторға қарулы шабуыл жасалды - видео
Сарқырама

Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті қорқынышты видео

5202
Куәгерлердің айтуынша, әкесі мен қызы суретке түспек болғанда, сарқырамаға құлап кеткен. Бүтін бір отбасы үшін табиғат аясындағы серуен қайғылы аяқтала жаздады

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Желіде сарқырама маңында өзеннің қатты ағысы ер адамды баламен бірге ағызып бара жатқаны түсірілген видео тарады. Оқиға Ақмола облысында болған.

Кадрдан ересек адамның баланы кеудесіне қысып, судың ортасындағы тасқа жармасқаны байқалады.

Айналадағы адамдар жанұшыра айқайлап жатыр. Болжам бойынша, бұл Ақмола облысы Зеренді ауданындағы сарқырама.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🄽🄴🅆🅂 Новости Кокшетау (@kokshetauasia)

"Әкесі қызымен бірге сарқырама алдында суретке түспек болған. Анасы мен айналадағы адамдар оны райынан қайтаруға тырысты, бірақ еш нәтиже шықпады. Қыз тастан құлап кетті, әкесі артынан секірді. Екеуі де судан шығарылды", - деп мәлімдеді куәгерлер.

Зеренді ауданының әкімдігі хабарлағандай, 16.35-те аудандық ауруханаға Көкшетауда тұратын 2015 жылғы бала түсті. Ол жеңіл-желпі жарақат алған. Дәрігерлер медициналық көмек көрсеткеннен кейін, ол үйіне жіберілді.

5202
Кілт сөздер:
видео, ер адам, Ақмола облысы
Қыз терезеде отыр, иллюстративті сурет

Бүкіл отбасы үйде болған: Нұр-Сұлтанда 22 жастағы қыз он бірінші қабаттан секіріп кетті

2349
Трагедия Сарыарқа даңғылының бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында 22 жастағы қыз он бірінші қабаттан секіріп кетті. Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 17 сәуірде болды. Таңғы 08.10-да полицияға Сарыарқа даңғылы бойында қыз терезеден құлағаны туралы хабар түскен.

"22 жастағы тұрғын 11-ші қабаттың терезесінен секіріп кеткені анықталды. Қыз оқиға орнында көз жұмды. Трагедия болған сәтте отбасы мүшелері үйде болған", - делінген хабарламада.

Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

2349
Кілт сөздер:
отбасы, бойжеткен, елорда
Тақырып бойынша
Жүргізуші жүріп бара жатқан көліктен секіріп, оны видеоға түсіріп алды 
ШҚО-да таксист көліктен секіріп кетті – полиция оқиғаның мән-жайын анықтады
Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылған жігіт терезеден не үшін секіріп кеткенін айтты
Оралда бозбала көпірден секіріп, мерт болды
Гүлнәр Кәрімовадан тәркіленген мүліктер

Гүлнәр Кәрімовадан тәркіленген мүліктер сатуға шығарылды фото

0
Кешен аумағында қонақ үй мен коттедждер, жабық және ашық бассейндер, теннис корты, спорт зал мен басқа да қондырғылар орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі агенттік жекешелендіру бағдарламасы аясында Ташкент облысында бірнеше нысандарды сатуға шығарды. Жарияланған лоттар қатарында бұрынғы Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнәр Кәрімоваға тиесілі "Сиджак" демалыс аймағы да бар.

 Как выглядит бывшая дача Гульнары Каримовой
Sputnik / Дильшода Рахматова
Гүлнәр Кәрімовадан тәркіленген нысандағы бассейін

Курорттық аймақтағы зәулім сарайлар теңіз деңгейінен 959 метр биіктікте орналасқан. Аумағы 5,4 гектар шамасындағы бұл жер халық арасында "Тянь-Шань маржаны" деп аталады.

Sputnik Өзбекстан агенттігінің хабарлауынша, кешен аумағында қонақ үй ғимараты мен бірнеше бассейн, амфитеатр, коттедж бен су мұнарасы және басқа да құрылыстар орналасқан.

 Как выглядит бывшая дача Гульнары Каримовой
Sputnik / Дильшода Рахматова
Гүлнәр Кәрімованың бұрынғы саяжайы

Сондай-ақ, шарап субұрқағы мен әйнек күмбезді қысқы бақ та бар.

Как выглядит бывшая дача Гульнары Каримовой
Sputnik / Дильшода Рахматова
Шыны күмбездің астында орналасқан қысқы бақ

Аталған кешен Ташкент облысындағы тағы жеті объектімен бірге аукционға қойылды.

 Как выглядит бывшая дача Гульнары Каримовой
Sputnik / Дильшода Рахматова
Курорттық аймақтағы зәулім сарайлар теңіз деңгейінен 959 метр биіктікте орналасқан

Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі аукционға қатысуға өтінімдерді ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін қабылдайды.

 Как выглядит бывшая дача Гульнары Каримовой
Sputnik / Дильшода Рахматова
Аумағы 5,4 гектар шамасындағы бұл жер халық арасында "Тянь-Шань маржаны" деп аталады

Айта кетейік, наурыз айының ортасында интернетте Гүлнәр Кәрімованың өлең түрінде жазылған хабарламасы пайда болды. Оның қызы Иман Кәрімова туыстарының жазған хаты тұтқынға берілмейтінін, адвокаттардың кіруіне тыйым салынғанын, тіпті онымен телефонмен сөйлесуге де тыйым салынғанын айтқан.

Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімовтің үлкен қызы жазасын Ташкент маңындағы №21 Зәңгіата әйелдер колониясында өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Астында қара Mercedes: Қазақстандық депутаттар таңертең жұмысқа қалай келеді

Ол қаржы жымқыру, салық төлеуден жалтару, бопсалау және ақшаны астыртын жолмен жылыстатуға кінәлі деп танылған.

Өзбекстанның Жоғарғы соты Гүлнәр Кәрімованы ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бопсалау және алаяқтық жасағаны үшін 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырды.

0
Кілт сөздер:
аукцион, Өзбекстан
Тақырып бойынша
Ислам Каримовтың қызының түрмеде өз-өзіне қол жұмсағаны рас па?
Із-түзсіз жоғалып кеткен қызды өлтірген жеңгесі болып шықты
Өзбекстанда Гүлнара Каримова қамауға алынды
Депутат қазақстандықтарға Кореяда заңды еңбек ету мүмкіндігін беруді ұсынды
Гүлнара Каримованың денсаулығы туралы ақпарат жарияланды