НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Алматы облысында бензин тасымалдап жүрген жүк көлігі алдымен патрульдік полиция көлігіне, одан кейін тағы екі көлікке соғылып, жол жиегіне аударылып, жарылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жантүршілігерлік жол апатының видеосы пабликтердің бірінде жарияланды. Оны "Рено" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі түсіріп алған.
"18 шілде кешкі сағат 20:00-де "ЗИЛ" маркалы көлік алдымен "Мазданы" содан кейін менің көлігімді қағып өтті. Мен жол жиегіне бұрып үлгердім. Жедел жәрдем шақырдық",– дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полицейлер жол апатының болғанын растады. Қайғылы оқиға "Алматы–Өскемен" автожолының 548 шақырымында болып, салдарынан бір адам көз жұмған.
"ЗИЛ" маркалы газ тасымалдайтын жүк көлігін басқарған 1982 жылғы ер адам рульді басқара алмай, жолай келе жатқан "Пежо-307" автомашинасымен соқтығысқан. Содан соң инерциямен қарсы бағытта келе жатқан "Мазда-626" жеңіл көлігін жаншып өтіп, "Рено" маркалы жүк көлігінің алдыңғы сол жақ бұрышын жанай соғып жол жиегіне аударылған. Бірнеше минуттан кейін жарылып, толығымен отқа оранған",– дейді полицейлер.
Жол-көлік оқиғасы кезінде 1972 жылы туған "Мазда-626" көлігінің жүргізушісі ауыр дене жарақаты салдарынан көз жұмды. Ал патрульдік экипаждың қызметкерлері жарылысқа бірнеше секунд қалғанда "ЗИЛ-дің" жүргізушісін кабинадан алып шықты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полицейлер жедел жәрдем келгенше зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жол-көлік оқиғасы болған жерді қоршап, басқа көліктердің өтуін қамтамасыз еткен.
"Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімі – "абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – делінген ресми хабарламада.
Оқи отырыңыз: Жол апаты кезінде терезеден ұшып кеткен баланы куәгер құтқарып қалды – видео
НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. Алматылық полицейлер қаруланған адамдардың ізінен қуып, біреуін ұстады. Ол тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен.
23 қаңтарға қараған түнде Медеу ауданының полицейлері күдікті көлікті көріп қалды. Олар тексеріс жүргізбек болған кезде жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көлік Түрксіб ауданы Сейфуллин көшесінде тоқтатылып, ұсталды.
Жүргізуші мен екі жолаушы көлікпен шығып, полицейлерден қашты. Олар жола пышақ пен автоматқа ұқсас затты лақтырып жіберген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Күдіктілердің біреуі қолға түсті. Екеуі іздестіріліп жатыр, деп хабарлады полиция.
Олар қару мен өзге заттарды қайдан алғаны анықталып жатыр.
АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қарағанды – Балқаш автожолында Shacman көлігінің 59 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетті. Салдарынан 35 жастағы полиция қызметкері жүргізіп келе жатқан ВАЗ автокөлігімен соқтығысты.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында полицейлер жол апатына ұшырап, біреуі көз жұмды
Жол апатынан ВАЗ автокөлігінің ішінде болған 30 жастағы полиция қызметкері мен 46 жастағы облыс тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі – 35 жастағы полицей түрлі жарақатпен Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.
Қарағанды облысы ішкі істер органдары басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Қаза тапқан полиция капитаны Дәурен Қабдығалиев 2009 жылдың мамыр айынан бастап ішкі істер органдарында қызмет етті, үйленген, екі баласы бар.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (көлік басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлікті басқару қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өткен тәулікте коронавирустан алты, пневмониядан екі адам көз жұмды.
Сондай-ақ, бір тәулікте 1584 адам вирус жұқтырса, 110 адам пневмонияға шалдықты.
24 қаңтардағы мәлімет бойынша, 26 736 адам короновирус инфекциясынан (15 016 КВИ+ және 11 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 753 пациент стационарда, 19 983 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады
Науқастардың арасында 291 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 50 пациент – хәл үстінде, 43 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.