Жол апаты

Қостанайда полиция көлігімен болған жол апатында төрт жасар бала көз жұмды

640
(Жаңартылды 09:24 26.07.2020)
Полиция көлігі жол көлік оқиғасы болған жерге маяк шамын жағып кетіп бара жатқан кезде апатқа ұшыраған

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Қостанай облысында болған екі жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Олардың арасында төрт жасар бала бар, деп хабарлайды Қостанай жаңалықтары басылымы.

Жол апатына полиция көлігі де ұшыраған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Костанайские новости (@kstnews.kz)

Полицейлер ұсынған дерекке сүйенсек, қызметтік автокөлік пен ВАЗ-2115 көлігінің соқтығысуы 25 шілде күні сағат 16.00 шамасында, Қостанай-Рудный тас жолының 10-шы шақырымында болған. Оқиға салдарынан төрт жасар бала көз жұмды. Тергеушілер полиция көлігі осы жолдың 17-ші шақырымдағы апат орнына маяк шамын жағып кетіп бара жатқан кезде болғанын анықтады.

Оқи отырыңыз: Жол апаты кезінде терезеден ұшып кеткен баланы куәгер құтқарып қалды – видео

Ал осы оқиғадан бір сағат бұрын жеңіл көліктің 26 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі арыққа түсіп кеткені хабарланған. Апат салдарынан жүргізуші мен көліктің 23 жастағы жолаушысы қаза тапты.

640
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Алматыда карантин енгізілгеннен кейін жол апаты азайды
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды
 Сау-тамтығы қалмаған: Қалбатау-Көкпекті жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты болды – видео
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды – видео 
Тас жол

Ақтөбе облысында жол апаты үш адамның өмірін қиды

192
(Жаңартылды 17:31 22.06.2021)
Жеңіл автокөлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысып, үш адам қаза болды.

Өңірдің полиция департаментінің ақпаратынша, трагедия 21 маусым 17:21-де "Қарабұтақ-Қостанай" тас жолының 171 шақырымында болды.

57 жастағы "Лифан" жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Ресей азаматы басқарған "Ман" маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

Ақтөбе облысындағы жол апаты

Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі, 1980 және 1959 жылғы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ 1969 жылғы әйел мен 1973 жылғы ер адам Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді.

"Өкінішке қарай, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жолда өте мұқият және сақ болу керек екенін жиі естен шығарады. Жол апатына әкеп соғатын басты себептердің бірі – адамдардың жол қозғалысы ережелерін сақтамауы", - деді Ақтөбе облысы ПД басшысы Атығай Арыстанов.

192
Кілт сөздер:
жол апаты, Ақтөбе облысы
Тақырып бойынша
Тағы бір жантүршігерлік жол апаты: Түркістан облысында 7 адам мерт болды
Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болды: үш адам көз жұмды
Бес метр жерге ұшырды: полицейдің қатысы бар жол апаты туралы куәгерлер айтып берді
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: ер адамды екі көлік басып өтті
Бөгенбай батыр даңғылындағы апат

Нұр-Сұлтанда жеңіл автокөлік жол ортасында жанып кетті видео

438
(Жаңартылды 15:57 22.06.2021)
Жүргізушілердің бірі бағдаршамның қызыл шамын елемей, қиылыстан өтіп кеткен. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті, бір көлік өртенді

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Сейсенбі таңертең Нұр-Сұлтанда екі жеңіл автокөлік пен автобус соқтығысты.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға мәлімдегендей, оқиға Республика мен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында шамамен 06.25-те болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нур-Султан🚔Сергек●24/7 (@nur_sultan_sergek)

20 жастағы "Лада" жүргізушісі Дүкенұлы көшесі жағынан Республика даңғылымен келе жатып, Бөгенбай батыр даңғылымен қиылыста бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен. Салдарынан 60 жастағы жүргізуші басқарған Hyundai Elantra-мен соқтығысты.

Ал Hyundai инерциямен қиылыста тұрған жолаушылар автобусына қарай ұшып кеткен. "Лада" өртеніп кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан  "Лада" мен Hyundai жүргізушілері жарақат алды. Дәрігерлердің тексерісінен кейін екеуі де үйіне жіберілді.

Бұл факті бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

438
Кілт сөздер:
видео, автокөлік, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Қазақстанның батысында екі мектеп директоры жол апатынан қаза болды
Рөлді жұлып кетті: Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті
Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Ақтөбеде әйел жол апатынан көз жұмды: полиция куәгерлерді іздеп жатыр
Абылай Балапанов

Мемлекет басшысы алматылық студентті марапаттады

0
Өзгенің өмірі үшін өз басын қатерге тіккен студент Абылай Балапанов құрмет грамотасымен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы субұрқақта тоққа түскен адамдарды құтқарған студент Абылай Балапановты құрмет грамотасымен марапаттады.

"Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.

Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев кішкентай қазақстандықты құтқарған түрік дәрігерін марапаттады

Естеріңізге салсақ, Алматыда 19 маусымда субұрқақтардың бірінде екі қыз бен бір ересек адамды тоқ соқты. Оларды құтқарғандардың бірі – алматылық 19 жастағы Абылай Балапанов. Ол Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті. 

"Орындықта кітап оқып отырған едім. Бір кезде "помогите" деген дауыс шықты, көмекке шақырды. Артыма қарасам, сол маңға он шақты адам жиналып қалыпты. "Не болды?" деп жүгіріп бардым. Барсам, субұрқақтың ішінде адам бетімен жатыр. Екі кішкентай қыз бен бір әйел кісі етбетімен суға жабысып қалған екен", - дейді Абылай.

Айтуынша, ол бірінші қыздың анасын судан шығарған. Өзін тоқ соққанына қарамастан екінші рет жасөспірімді шығаруға ұмтылған.

"Анасын қалай құтқарғаным есімде. Суға түстім, бірден аяқтан жамбасқа дейін тоқ ұрды. Бірақ қатты ұрған жоқ. Содан анасының қолынан ұстап, шығарып алдым. Қызын құтқаруға барған кезде тоқ біріншіге қарағанда қатты ұрды. Тоқ ұрды да, суға құлап түстім. Денемді толық тоқ ұрып жатты. Субұрқақ тоқтаған кезде жиегіне барып отырдым. Сол кезде қасыма 40-50 жастағы үлкен аға келді де, "тоқ ұра ма?" деп сұрады. "Иә" дедім. Сол кісі ақырындап суға түсті де қызды аяғынан тартып шығарып алды", - деді Абылай оқиғаның қалай болғаны жайлы.

Абылай тоқ соққан әйелдің қызын құтқарған ер адам туралы ештеңе білмейтінін айтты.

"Екінші қыз есін біліп, жылап тұрды. Ол қыздың қолын тоқ соққан", - деді Абылай.

Субұрқақтағы келеңсіз жағдай

Алматыда сенбіде әйел мен екі қызды субұрқақ ішінде тоқ соқты. Субұрқақ жанында балаларымен бірге отырған Үкілай Бестай есімді алматылық оқиға орнынан кадрларды жариялады. Оның айтуынша, екі қызды электр тогы ұрған. Оларды шығарамын деп барған қыздардың біреуінің анасы да темірге жабысып қалған.

"Мен сияқты суға түсуге көп адамның жүрегі дауаламады. Сол кезде осы Абылай деген жігіт өзін тоқ соғып жатса да, кезек-кезек оларды судан шығарды", - дейді видео авторы.

Оның сөзінше, аман қалған қыздардың бірі Талдықорғаннан келген, анасының құрбысы лагерьден алып 4 баланы қыдыртып жүрген екен.

Кейіннен Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қыздардың жағдайы жақсы екенін, ал әйелдің жансақтау бөлімінде жатқанын, жағдайының ауыр екенін мәлімдеді.

0