АЛМАТЫ, 29 шілде — Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі фюзеляжі зақымдаған Qazaq Air ұшағына не болғанын айтты.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде әуе компаниясы ұшағының суреті пайда болды. Оның зақымданғаны көрініп тұр.
Министрлік борттың зақымдану себебін анықтау үшін әуе компаниясы техникалық комиссия құрғанын хабарлады.
"24 шілде күні Өскемен-Нұр-Сұлтан рейсін жасаған Qazaq air әуе компаниясы ұшағын тексеру кезінде фюзеляждің төменгі, ортаңғы және орталық бөлігіне найзағай тигені анықталды", - деді ведомствода.
Мамандар сегіз жерде диаметрі 2-6 мм, қалыңдығы 1 мм-2.5 мм зақым табылғанын айтты.
Ұшақтың фюзеляжі зақымдалуына байланысты әуе компаниясында тергеу жүріп жатыр. Борт қазіргі уақытта қолданылмайды.
НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. Алматылық полицейлер қаруланған адамдардың ізінен қуып, біреуін ұстады. Ол тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен.
23 қаңтарға қараған түнде Медеу ауданының полицейлері күдікті көлікті көріп қалды. Олар тексеріс жүргізбек болған кезде жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көлік Түрксіб ауданы Сейфуллин көшесінде тоқтатылып, ұсталды.
Жүргізуші мен екі жолаушы көлікпен шығып, полицейлерден қашты. Олар жола пышақ пен автоматқа ұқсас затты лақтырып жіберген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Күдіктілердің біреуі қолға түсті. Екеуі іздестіріліп жатыр, деп хабарлады полиция.
Олар қару мен өзге заттарды қайдан алғаны анықталып жатыр.
АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қарағанды – Балқаш автожолында Shacman көлігінің 59 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетті. Салдарынан 35 жастағы полиция қызметкері жүргізіп келе жатқан ВАЗ автокөлігімен соқтығысты.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында полицейлер жол апатына ұшырап, біреуі көз жұмды
Жол апатынан ВАЗ автокөлігінің ішінде болған 30 жастағы полиция қызметкері мен 46 жастағы облыс тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі – 35 жастағы полицей түрлі жарақатпен Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.
Қарағанды облысы ішкі істер органдары басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Қаза тапқан полиция капитаны Дәурен Қабдығалиев 2009 жылдың мамыр айынан бастап ішкі істер органдарында қызмет етті, үйленген, екі баласы бар.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (көлік басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлікті басқару қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өткен тәулікте коронавирустан алты, пневмониядан екі адам көз жұмды.
Сондай-ақ, бір тәулікте 1584 адам вирус жұқтырса, 110 адам пневмонияға шалдықты.
24 қаңтардағы мәлімет бойынша, 26 736 адам короновирус инфекциясынан (15 016 КВИ+ және 11 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 753 пациент стационарда, 19 983 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады
Науқастардың арасында 291 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 50 пациент – хәл үстінде, 43 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.