Бұқа

Құрбан айт күні иесінен қашқан бұқаның әрекеті жұртты таңғалдырды видео   

15513
(Жаңартылды 20:21 31.07.2020)
Куәгерлердің айтуынша, жануар 4 ықшамауданнан 15 ықшамауданға дейінгі аралықты теңіз арқылы жүзіп өткен

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Полиция инспекторлары мал базардан қашып кеткен бұқаны ұстап, иесіне тапсырды. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

lada.kz сайты оқиға бүгін, 31 шілдеде болғанын мәлімдеді. Бұқаның иесі оны мал базардан сатып алған. Көлікке тиеп жатқан сәтте жануар қашып кеткен. 

Ал куәгерлердің айтуынша, ашатұяқты жануар 4А ықшамаудандағы теңіз жағалауында суға түсіп, содан 15 ықшамауданға дейін жүзіп өткен.

"Бұқаны 15 ықшамаудандағы жағалауда инспекторлар ұстап, иесіне тапсырды", – делінген облыстық полиция хабарламасында.

Айта кетейік, Ақтау қаласындағы орталық көшеде арқанын сүйретіп қашып бара жатқан ірі қара түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралған болатын. 

15513
Кілт сөздер:
Ақтау, оқиғалар
Тақырып бойынша
Қазақстаннан мал шығаруға толығымен тыйым салынды
Құрбан айт намазы оқылмайды – бас мүфти мәлімдеме жасады
Мемлекет басшылары Тоқаевты Құрбан айт мерекесімен құттықтап жатыр
Мал ұрлығы үшін жаза күшейтіледі – Бас прокуратура
Карантин кезіндегі Құрбан айт: ұлық мерекеде қандай шектеулер енгізілді?
Дом, в котором жила семья пострадавшей девочки

Нұр-Сұлтанда ер адам подъездің астан-кестеңін шығарды видео

1954
(Жаңартылды 17:42 18.09.2021)
Ол подъездің ішінде ойран салып, үйдің алдында тұрған көліктерге де зақым келтірген

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Елордадағы үйлердің бірінде ер адам подъезд есігі мен бірнеше көліктің терезесін қиратқан. Қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі тұрғынның мас болғанын хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нұр-Сұлтан қ. ПД (@police_nur_sultan)

Оқиға туралы хабарлама полицияға 18 қыркүйек сағат 00.18-де түскен.

"Ер адам әріптестерімен отырып ішімдік ішкеннен кейін подъезге шыққан. Ол кіреберісте тұрған самокатты алып, есік-терезені қирата бастайды. Одан кейін далаға шығып, үйдің алдында тұрған көліктердің әйнегін самокатпен сындырды", - деп хабарлады полиция.

Белгілі болғандай, жалдамалы пәтердегі отырыста жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан.

Тәртіп бұзғандардың барлығы полицияға жеткізілді. Есіл ауданының полиция басқармасы қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: 

 

1954
Ақтау қаласы маңындағы өндірістік алаңда шыққан өрт

Ақтау маңындағы өрт: экологтар ауадан сынама алды

35
(Жаңартылды 20:59 18.09.2021)
Экология департаменті қызметкерлері күйенің белгіленген нормадан жоғары екенін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Ақтау қаласына жақын орналасқан №4 өнеркәсіптік аймағында шыққан өрттің ауаға келтірген залалын анықтау мақсатында экологтар сынама жасады, деп хабарлады Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Айнала заңсыз қоқысқа лық толы болған.

"Белгілі болғандай, бұл аумақта үйіліп жатқан көлік дөңгелектері өртеніп, әп-сәтте бірнеше шаршы аумақты шарпып үлгерген. Тез тұтанатын резеңке дөңгелектерінен шыққан жалын алғашында бет қаратпады. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Оқиға орнына алғашқы болып полицейлер мен өрт сөндіру қызметі жетті. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ", - деді департаменттегілер.

Сондай-ақ Маңғыстау облыстық экология департаментінің зертханалық бақылау бөлімінің мамандары келіп атмосфералық ауадан сынама алды.

Күйенің белгіленген нормадан жоғары екендігі анықталып отыр.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ақтау қаласы маңында шыққан өртті сөндіруде
© Photo : Маңғыстау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі
Өрт сөндірушілер Ақтау қаласы маңындағы өндірістік алаңда шыққан өртті сөндіруде

Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Сағдат Хансейітовтың айтуынша, өрт болған орынның қожайыны немесе өртенген қалдықтың иесін анықтап, жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады.

Құзырлы органдар өрттің неден шыққанын анықтауға кірісті.

Ақтау қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Асқарұлының айтуынша, өрттің себеп-салдары алдағы уақытта анықталатын болады. Оқиға орнына қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жеке құрамның 30 полиция қызметкері мен 4 экипаж тартылған.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қыркүйекте таңертең Ақтау қаласы үстіндегі қара түтін жұрттың алаңдаушылығын тудырды. Тұрғындар әлеуметтік желіде түтіндеп жатқан жердің видеосын жариялады. 

"Бүгін, 18 қыркүйекте, саяжайлар жақтағы өндірістік алаңда бірдеңе өртеніп жатыр", - деп жазды видео авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ АКТАУ 911 | 18+ (@aktau.911)

Ал тұрғындар комментарийде "түтін қала ішіне тарап кетті", "қайта оқ-дәрілер қоймасы жоқ", "бізді біреу улап жатқан жоқ па?" деп пікір қалдырды.

Оқи отырыңыз: 

35
Тақырып бойынша
Есік пен терезені ашуға болмайды: өрт шыққан кезде не істеу керек
Тараз түбіндегі жарылыс: тағы бір өрт сөндіруші көз жұмды
Степногорскідегі алапат өрт: 60 саяжай күлге айналды – видео
Ғарыш станциясында модульден өрт шықты
Нұр-Сұлтан

Синоптиктер 19 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжады

44
Бірқатар облыста найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейсе, кейбір өңірде үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігі солтүстік антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына әлі де солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді, жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді", - деп хабарлады синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстік-шығыс және шығысында тұман түсіп, жел15-20-ке дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстік және орталығында тұман түседі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік және орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батыс, батыс және орталығында, Қарағанды облысының оңтүстік және орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және орталығында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаумайды. Күндіз ауа температурасы +8..+10 °C, түнде +1..+3 °C. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Алматыда күн бұлтты болады, күндіз ауа температурасы +31..+33 °C, түнде +18..+20 °C.

Шымкентте күн ашық, ауа температурасы күндіз +28..+30 °C, түнде  +13..+15 °C болады.

44