Оқиға

Полиция Шымкентте болған қылмысқа қатысты ақпарат жариялады - видео

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
63 жастағы ер адам қатыгездікпен өлтірілді. Оқиға Алматы шоссесі мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында болған

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз — Sputnik. Шымкент полициясы ер адамды ұрып өлтірген Түркістан облысының тұрғынын ұстады.

Қылмыс 26 шілде күні жасалған, деп хабарлайды Рolisia.kz. Полция ақпарат 21.30-да түсті. Оқиға Алматы шоссесі мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында болған. Ер адам жергілікті тұрғынды соққыға жығып, сол жерде қан-жоса етіп қалдырып кеткен. 

Төтенше оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 63 жастағы ер адам зардап шеккенін анықтады. Күдікті ізін суытқан.

Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне  енгізілді. 

Кейін ер адам алған жарақатынан көз жұмды. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бап 1-бөлігіне ("адам өлтіру") өзгертілді.

Жергілікті полиция мен автоэкипаж бірлесе, 41 жастағы күдіктіні ұстады. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Шымкенттің мамандандырылған тергеу соты күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды.

Тағы оқыңыз: Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты - полиция түсініктемесі

Жаңалықтар
0