Оқиға

Алматы облысында селфи жасамақ болған екі жасөспірім көз жұмды

© Photo : pixabay.comТелефон в руках подростка, иллюстративное фото
Телефон в руках подростка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
30 жылдан бері қаңырап бос тұрған ескі екі қабатты ғимараттың ішінде жастарға бетон плита құлап кеткен

АЛМАТЫ, 21 тамыз – Sputnik. Селфи жасаудың соңы қайғылы жағдайға ұласты.

Өткен бейсенбіде кешке үш жасөспірім Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты Бескөл ауылының маңындағы қараусыз қалған ғимаратқа барған. Селфи жасамақ болғанда 2004 және 2005 жылы туған екі бала көз жұмды. 2004 жылы туған үшінші жасөспірім Үшарал орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, оның оң аяғы сынған, деп хабарлады Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ұшақ қонар кезде селфи жасамақ болған екі қыз ажал құшты  

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 1991 жылдан бері жұмыс істемей тұрған екі қабатты ғимараттың ішінде жастарға бетон плита құлап кеткенін анықтады.  

Құтқару жұмыстарын жүргізуге Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері мен 3 техника, жедел жәрдем бригадасы жіберілді.   

Жаңалықтар
0