Оқиға

Ақтөбе облысында терезеден құлап кеткен бір жасар сәби ауруханада көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневРебенок у окна, архивное фото
Ребенок у окна, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бесінші қабаттан құлап кеткен баланы аудандық ауруханаға жеткізген, бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз - Sputnik. Ақтөбе облысында бір жасар бала бесінші қабаттан құлап мерт болды.

19 тамыз күні Қандыағаш қаласының орталық ауруханасының жансақтау бөліміне бір жасар сәби жеткізілген, бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмды, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, бала қонақ бөлмедегі терезенің қасында ойнап жүріп, 5-ші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

"2 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың терезеден құлап кету қаупі бар. Мұндай жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін балаларды үйде қараусыз қалдырмау қажет, жиһазды бала терезеге көтерілетіндей етіп қоймаңыз. Терезеге қойылатын тордың сапалы түрі де баланың салмағын көтере алмайды", - деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция аға инспекторы Нұржан Мұқымов.

Айтуынша, балаларды қорғау үшін терезеге арнайы фиксатор орнату қажет, бұл оны бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейді.

Жаңалықтар
0