Оқиға

Түркістан облысындағы трагедия: альпинистер мұз жарықшағынан әйелдің мәйітін шығарды

© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Шымкента / L.Ablanova(Shaposhnikova)Спасательная операция в горах Туркестанской области
Спасательная операция в горах Туркестанской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде мәйіт тиісті қызмет өкілдеріне тапсырылды. Ал құтқарылған ер адамның жағдайы қанағаттанарлық деңгейде

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының Төлеби ауданындағы тау басында 3 күнге созылған іздестіру-құтқару операциясы аяқталды, деп хабарлайды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Құрамында 10 адам бар жедел-құтқару жасағының екі тобы қиын жағдайда "Сайрам" мұздығында қаза болған 1981 жылғы әйелдің денесін іздеп тауып, өте қауіпті жағдайда алып шығу жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ, күрделі операцияға Шымкент қаласының альпинизм, спорттық туризм және құзға өрмелеу федерациясының 6 альпинисі жұмылдырылды.

© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Шымкента / L.Ablanova(Shaposhnikova)Қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатқан құтқарушылар
Түркістан облысындағы трагедия: альпинистер мұз жарықшағынан әйелдің мәйітін шығарды - Sputnik Қазақстан
Қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатқан құтқарушылар
"Құтқарушылар альпинистермен бірге 25 тамызда сағат 14.50-де қар еру салдарынан пайда болған мұздық жарықшағына түсіп кетіп қаза болған әйелдің денесін тапты. Мәйітті алып шығудың қиындығы сол, еріген қар кез-келген сәтте жарықшаққа түсіп, толтыруы мүмкін еді. Ал жарықшақтың тереңдігі 10 метрден асады, ені 50 сантиметр болды. 6 метр тереңдікте тұрып қалған марқұмның денесін құтқарушылар арнайы құрал-жабдықтарды қолдана отырып шығарды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі кезде мәйіт тергеп-тексеру мен сараптама қызметінің өкілдеріне тапсырылды.

Сондай-ақ, БАҚ мәліметінше туристік топ құрамында марқұм әйелдің күйеуі де болған. Түрлі дене жарақатын алған ол ауруханаға жатқызылған. Бүгінгі таңда оның жағдайы қанағаттанарлық.

Туристік топ дайындықсыз тауға шыққан

23 тамызда 5 адамнан тұратын туристік топ ешбір дайындықсыз "Сайрам-Өгем" ұлттық табиғи паркінің аумағында Қасқасу ауылынан 30 шақырым қашықтықта теңіз деңгейінен 4 236 метр биіктіктегі "Сайрам" мұздығына көтерілген.

Тау басында қар жатқандықтан, одан да жоғары көтерілуге ​​тағы бір күн қажет еді. Ешқандай құрал-жабдығы мен тәжірибесі жоқ дайындықсыз топтың алға жылжуға мүмкіндігі болмаған соң, олар төмен түсуге шешім қабылдаған.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды

Алайда, таудан түсу де оңай емес екенін топ мүшелері ескермеген. Қайтар жолда қателікке бой алдырған әйел байқаусызда тайып кетіп, мұз жарықшағына құлаған. Ал өзгелері оған көмектесуге әрекет жасағанымен, ешбір нәтиже болмаған.

Жаңалықтар
0