Оқиға

Таразда мейрамхана маңынан ер адамның денесі табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековАдамның қолы
Адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тараз қаласының 33 жастағы тұрғыны адам өлтірді деген күдікке ілінді, оқиғаның мән-жайы анықталуда

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Тараз тұрғыны мейрамхана жанынан 27 жастағы жігіттің мәйітін тапты.

Ер адамның денесі 30 тамыз сағат 05:15-те табылды. Мәйітті көрген Ақбұлақ шағын ауданының тұрғыны бірден полицияға хабар берді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы аттанды. Полиция ауыр қылмысқа не себеп болғанын анықтап жатыр.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тағы оқыңыз: Тұншықтырып, өртеп жіберген: Алматы облысындағы ауылда жантүршігерлік қылмыс жасалды

Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен Тараз қаласының 33 жастағы тұрғынын анықтады.

Қазір күдіктіні ұстау шаралары қабылдануда. Барлық қажетті сот сараптамасы тағайындалды.

Аталған факті Жамбыл облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

Жаңалықтар
0