Оқиға

Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевОграбление, иллюстративное фото
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыскерлер күзетшіге бірнеше жерден пышақ сұғып, арматурамен ұрды. Жәбірленуші есінен танып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек — Sputnik. Астаналық полицейлер қарақшылық шабуыл жасағандарды тапты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Күдіктілер салынып жатқан көлік жуатын жерде күзетшіге шабуыл жасады. Оқиға дүйсенбі күні таңертең болған. 

Кешке жұмысқа кіріскен 33 жастағы күзетші таңғы 05.30-да шу естіген. Ол есікті ашпақ болғанда қылмыскерлер басынан ұрып, қап кигізген.

Ер адамды ғимаратқа кіргізіп, қол-аяғын байлап тастады. Күзетшіге бірнеше жерден пышақ сұғып, арматурамен ұрған. Жәбірленуші жарақат салдарынан есінен танып қалды.

Ер адамды таңертең жұмысқа келген құрылысшылар тапты. Құрылыс заттары мен күзетшінің жеке заттары ұрланған. Жалпы сомасы - екі миллион теңге. Құрылыс алаңында қауіпсіздік жүйесі (қоршау, жарық) болмағаны анықталды. 

Полицейлер күдіктілерді тапты. Олар бұған дейін бірнеше рет сотталған 34 және 42 жастағы туған ағалы-інілі болып шықты. Ұрланған заттарды Қосшыға алып кеткен. 

Күдіктілер қылмыстан соң бірнеше сағаттан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақтар тәркіленді.

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 192-бабына сәйкес ("Қарақшылық") сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша ұсталғандар 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0