Оқиға

Таразда өртенген үйден екі баланың денесі табылды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи в Нур-Султане
Автомобиль скорой помощи в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

АЛМАТЫ, 1 қазан – Sputnik. Тараздағы үйлердің бірінен өрт шығып, екі бала қаза болды, деп хабарлады Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетовтың айтуынша, 1 қазанда сағат 09:57-де полицияға Тараз қаласы Ақмола көшесінде өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына келген мамандар өртті сөндірді. Үйді тексеру кезінде полиция қызметкерлері 2017 және 2018 жылы туған екі баланың денесін тапты.

Балалар өрт салдарынан уланып қалған болуы мүмкін.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі ("өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Жамбыл облысының полиция департаменті ата-аналарды баланы қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ тұрмыстағы қауіпсіздік шараларын үйретуге шақырды.

Жаңалықтар
0